2559

«Астана Аренада» Қазақстан мен Франция құрама командалары арасындағы ойын жанкүйерсіз өтеді

Нұр-Сұлтан қаласының «Астана Арена» стадионында 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің матчын Қазақстан құрамасы Франция командасымен 28 наурыз күні ойнайды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

ФИФА ережелеріне сәйкес коронавирустық пандемиямен байланысты әлемдегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, барлық матчтар көрермендерсіз өткізіледі.

Осыған байланысты Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 19:00-де «Астана Арена» стадионында басталатын бүгінгі ойын көрермендерсіз өтеді және «Qazsport», «Qazaqstan» телеарнасының тікелей эфирінде көрсетілетін болады.

Қазақстан құрамасы үшін бұл 2022 жылы өтетін әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің алғашқы матчы болмақ. Естеріңізге сала кетейік, кеше 27 наурызда екі команда «Астана Арена» стадионында ойын алдындағы жаттығуларын өткізген болатын.

Аталған ойын елордадағы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, санитарлық нормалар мен талаптарды қатаң сақтай отырып өткізіледі. Әкімдік азаматтардың назарына «Астана Арена» стадионы тұрғындар мен қонақтар үшін жабық болатындығын. Ойынды іштен тамашалу және футболшылармен суретке түсу мүмкін болмайтындығын жеткізеді.

Бұдан бөлек, футбол жанкүйерлері мен жастарды «Астана Арена» стадионына жиналмауға шақырамыз. Бүгін ол маңда полиция мен әкімдік қызметкерлері тәулік бойы кезекшілік жүргізетін болады. Олар жұрт көп жиналмас үшін жағдайды қадағалайтын болады.

Сонымен бірге, әкімдік елордада коронавирусты жұқтыру қаупі әлі де жоғары екенін ұмытпауды еске салып, сырқаттанушылық көрсеткішінің артуына байланысты елорда тұрғындары мен қонақтарын адам көп жиналатын орындардан аулақ болуға шақырады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109