3120

Нұр-Сұлтанда қоғамдық көліктердің балаларға тегін қызмет көрсеткеніне бір жыл болды

Нұр-Сұлтанда қоғамдық көліктердің балалар үшін тегін қызмет көрсеткеніне тура бір жыл болды. Елорда әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша барлық кәмелетке толмағандар үшін жеңілдетілген жол жүру ақысы 2020 жылдың наурыз айында іске қосылды. Осылайша тегін жол жүру енгізілген сәттен бастап балалар 7 млн 600 мыңға жуық сапар жасады.

«Тура бір жыл бұрын Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша барлық кәмелетке толмаған балаларға олардың мәртебесіне қарамастан тегін жол жүру енгізілген болатын. Бұл шешім қала маңында тұратын балаларға да қатысты. Бұл шара карантинге дейін енгізілген болатын.

Жол жүру үшін мектеп көлік картасының болуы, оны автобуста валидациялау міндетті шарт болып саналады. Бұл жолаушылар ағынын қадағалауға және басым бағыттарды анықтауға мүмкіндік береді. Жеті жасқа дейінгі балаларға көлік картасы қажет емес», — деп атап өтті «City Transportation Systems» ЖШС Басқарма төрағасы Бекмырза Игенбердинов.

Бір жыл ішінде балалар үшін 40 мыңға жуық мектеп көлік картасы шығарылды, оның ішінде 7 мыңнан астамы – биыл.

Қазіргі уақытта тегін жол жүруді ҰОС қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар, зейнеткерлер, сондай-ақ зейнеткерлік жасқа толған жасына байланысты және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар, көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар, мүгедектер, 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар, оның ішінде ата-анасының (заңды өкілдерінің) бірі пайдаланады.

Мектеп көлік картасын рәсімдеуге өтінімді Р.Қошқарбаев даңғылы, 50/1 мекенжайындағы орталық касса арқылы алуға немесе transcard.kz онлайн сайты арқылы үйге тапсырыс беруге болады.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңға сәйкес әрбір өңір мен жергілікті атқарушы орган өз бюджетін дербес қалыптастырады және жеңілдіктерді айқындайды. Сондықтан City Transportation Systems (CTS) маршруттарымен тегін жол жүру елордада және оның қала маңындағы аудандарда тұратын, оқитын 18 жасқа дейінгі балаларға ғана беріледі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109