2745

Есіл өзенінің арнасын қайта құру Нұр-Сұлтанның шеткері аймақтарын су басудан сақтайды

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында Есіл өзенінің арнасын құру жайлы түсіндіріп өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Көктемгі су тасқыны жағдайын ескере отырып, Есіл өзенінің арнасын қайта құру мен кеңейту бойынша жұмыстар жүргізудеміз. Атап айтқанда, арна түбін тереңдетіп, жағалауды нығайтып, бөгет салып жатырмыз. Жобаны іске асыру судың кедергісіз өтуін қамтамасыз етуге, өзендегі су деңгейін реттеуге және су тасқыны кезеңінде қаланы қауіпсіздендіруге ғана емес, сонымен қатар келесі жылдары да судың кедергісіз өтуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ кеме қатынасының дамуына ықпал етеді.

Сонымен қатар, қала су қоймасының жоспарлы жұмыс кестесі бекітілді. Былтыр күзден бастап Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі су төгетін құрылғысы бар қорғаныс бөгетін қайта құру бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл реттеушінің өткізу қабілетін арттырады.

Сондай-ақ, қалада су тасқынына қарсы басқа да шаралар жүргізілуде: арық-науа желілерін тазарту, нөсер кәріздері мен тазарту құрылыстарын салу, қарды жинау және шығару. Биыл қысқы маусымда 5 млн. текше метрден астам қар шығарылды. Қазгидрометтің мәліметінше, топырақтың қату тереңдігі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жоғары, яғни су басу қаупі жоғары. Ауа-райын ескере отырып, елді-мекендерге ерекше назар аударуды тапсырдым.

Су тасқынын алдын алу, оның салдарын жою үшін инертті материалдар қоры дайындалды. Азаматтық қорғау органдары, коммуналдық қызметтер тұрақты дайындыққа келтірілді», — деп жазды елорда әкімі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109