2544

Нұр-Сұлтанда биыл 40 мыңнан астам оқушы орны ашылады

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында мектеп салу мәселесін қозғап, биыл 40 мыңнан астам оқушы орны ашылатынын мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Қарқынды дамып келе жатқан қалада әлеуметтік нысандарды белсенді түрде салу қажет. Оның ішінде оқу орындары да бар. Елордамыздың барлық аудандарында мектеп салу бойынша нақты жұмыстар жүргізіп жатырмыз.

Бірқатар оқу орындарының құрылыс барысымен таныстым. Мысалы, жаңа вокзал салынып жатқан ауданға (Алматы ауданы) мектеп қажет болатын – онда МЖӘ шеңберінде үлкен орта білім беру ғимаратын салып жатырмыз. Екі ауысымда 4 мыңға жуық оқушы оқиды. Сондай-ақ, Есіл ауданында (Бұхар Жырау көшесі және №38, Nova City ауданы) мектеп құрылысының барысымен таныстым. Ондада екі ауысымда 4 мың оқушы оқиды.

Мектептерді қаланың басқа аудандарында да салып жатырмыз. Биыл 16 мектеп салуды жоспарлап отырмыз. Бұл тек осы жылдың өзінде 40 мыңнан астам оқушыларды оқумен қамтуға мүмкіндік береді. Өткен жылмен салыстырғанда оқушы орындарының саны 2 есе, ал 2019 жылмен салыстырғанда 4 есе артты.

Мектептер қажеттілік бар, халық тығыз орналасқан аудандарда салынады. Бұл үш ауысымды оқыту, тығыздалған режимі бар мектептер санын айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді. Мектеп құрылысына да жеке инвестиция тартамыз. Инвестициялық кеңестерде 30-дан астам жеке меншік мектеп құрылысы қолданды.

Құрылыс сапасы, абаттандыру, мектептерге кірме жолдарды қамтамасыз етумен қатар, мектептердің материалдық-техникалық жабдықталуына, білікті кадрлар даярлауға ерекше назар аударуды тапсырдым. Біздің тарапымыздан жасалатын жағдайлар балаларға сапалы білім беруге көмектеседі», — деп жазды елорда әкімі.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109