2879

Маска тақпау және жұмыс режимінің бұзылуы: елордада бір тәулікте карантин тәртібін бұзған тағы 10 мекеме анықталды

Елорданың мобильдік топтары карантин талаптарын бұзатын кәсіпкерлік субъектілерін анықтауды жалғастыруда. Қалалық мекемелерде көбінесе бетперде, әлеуметтік қашықтық және белгіленген жұмыс тәртібі сақталмайды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Өткен тәулікте мобильді топтар карантин режимін бұзған 10 кәсіпкерлік субъектіні анықтады.

Есіл ауданында төрт дүкенде бетперде режимі сақталмаған, оның ішінде «Red mart» шағын маркеті, «Аяла» азық-түлік дүкені, «Bari bar» шағын маркеті және «Ваш маркет» супермаркеті бар. Сонымен қатар, белгіленбеген уақытта «Панаехали» бары мен «Хан Талапай» банкет залы келушілерге қызмет көрсетті.
Сарыарқа ауданында орналасқан «Диона» дүкенінің екі филиалы да белгіленген режимді бұза отырып жұмыс істеді.

Сондай-ақ Алматы ауданындағы «Мята» лаундж-бары мен Байқоңыр ауданындағы «Кино тайм» мекемесі карантин режимін бұзды.

Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар әкімшілік шаралар қабылдау және оларды жауапкершілікке тарту үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолданды.

Айта кету керек, елорда 10 наурыздан бастап эпидемиологиялық ахуалды бағалау бойынша «қызыл аймаққа»орналасқан. Карантин режимін бұзуға жол бермеу жөніндегі мобильді топтар күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда. Кәсіпкерлік субъектілері санитарлық нормаларды және карантин талаптарын қатаң сақтауы, қайта бұзушылықтарға жол бермеуі тиіс. Сонымен қатар, қала тұрғындарының өздері адам көп жиналатын орындардан аулақ болуы, сол сияқты санитарлық дәрігердің кеңесін толық орындап, өзін және өзгелерді қауіптен сақтауы тиіс.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109