7469

Елордада бітіруші сыныптардан басқа оқушылар қашықтан оқыту форматына көшеді

Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова Нұр-Сұлтанда шектеу және карантиндік іс-шараларды қатайтудың қосымша шаралары туралы Қаулыға қол қойды. Осылайша оқушылар оқу жылын қашықтан оқыту режимінде аяқтайды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

IV тоқсанда 9, 11 (12) сынып оқушыларын қоспағанда, елорданың барлық оқушылары қашықтықтан оқыту форматына көшеді.

«Ағымдағы жылдың IV тоқсанында меншік нысанына қарамастан білім беру объектілерінің жұмысын қашықтан оқыту тәртіпте ұйымдастыру, мектеп бітіруші сыныптары (9, 11 (12) сыныптар) қоспағанда, олар үшін оқыту аралас форматында (пәндердің 70%-ы — дәстүрлі форматта, 30%- ы — қашықтан), сыныпта 15 адамнан артық емес, ата-аналардың өтініштері бойынша рұқсат етіледі», — делінген қаулыда.

Жаңа қаулы 2021 жылғы 30 наурызда күшіне енеді.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтан 10 наурыздан бастап эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша «қызыл аймақта» орналасқан. Күн сайын қалада коронавирустық инфекцияның 300-ден астам жаңа жағдайы анықталады. Елорда тұрғындары мен қонақтарынан КВИ ауруының өсуіне жол бермеу үшін санитарлық нормалар мен карантиндік режим талаптарын қатаң сақтау талап етіледі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109