3126

Елордада 11 мыңға жуық адам COVID-19 инфекциясына қарсы вакцина алды

Елорда тұрғындарын коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау жалғасуда. Бүгінде бірінші компонент бойынша 11 мыңға жуық адам вакцинациядан өтті. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов мәлім етті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Екінші компонент үш мыңнан астам адамға салынды. Оның ішінде медициналық қызметкерлер — 5 000-ға жуық, мұғалімдер – 2 000-ға жуық, созылмалы аурулары бар адамдар – 1 000-нан астам, құқық қорғау органдарының қызметкерлері – 1 200-ден астам, басқа топтағылар – 2 000-ға жуық. Екпе алғаннан кейін денсаулықтың қатты асқыну жағдайлары болған жоқ», — деді ведомство басшысы.

Оның айтуынша 36 алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарында бірінші және екінші компоненттерге арналған 2 вакцинация бөлмелері, вакцинациядан кейін пациенттерді бақылауға арналған күту бөлмелері тұрақты режимде жұмыс істейді.

«Барлық емханаларда тоңазытқыш қондырғылары, вакциналарды қоймадан екпе салу мекеніне тасымалдауға арналған термиялық контейнерлер бар. Вакциналар барлық санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сай сақталады», — деді Тимур Мұратов.

Айта кетейік, қала тұрғындарын вакцинациялау сәуір айының ортасынан басталады. Вакцинация ең алдымен ұжымдық иммунитетке жету үшін қажет. Бұл инфекциямен күресте жақсы нәтижеге жетуге әсер етеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109