3048

Алтай Көлгінов: Санитарлық нормаларды сақтамау қала тұрғындарының қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында коронавируспен күрес қалай жүріп жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Елорда – 21 күн бойы «қызыл аймақта». Соңғы күндері тәулігіне 400-ге жуық індетке шалдығу жағдайы тіркеліп отыр. Балалар мен зейнеткерлер арасында инфекция жұқтыру жиіледі. Инфекциялық стационарлардағы төсек-орын жүктемесі 65%-ке жетті. ПТР-зерттеумен тұрғындарды қамту үшін қалада 24 зертхана жұмыс істеп жатыр. Олардың тәуліктік қуаты – 12 мыңнан астам.

Медицина қызметкерлері, тәртіп сақшылары, мұғалімдер, еріктілер мен басқа да қала тұрғындары – коронавируспен күресте бір жылдан астам уақыт бойы алдыңғы шепте келеді. Өкінішке қарай, кейбір қала тұрғындары коронавирусты жеңе алмады.

Күн сайын науқастар реанимацияға түсіп жатыр. Көпшілігінің денсаулық жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр. Бұл вирусты жеңу оңай емес. Адамдардың өмірі мен денсаулығына нұқсан келтіретін вирус.

Барша тұрғыннан сақ болуды, өз денсаулығымыз бен айналадағыларымыздың денсаулығына немқұрайды қарамауды сұраймын. Сыртқа шыққан соң айналаңыздағы адамдарға қараңыз. Біреудің санитария нормаларын сақтамауы басқалардың денсаулығына, тіпті өміріне әсер етуі мүмкін. Баршаңызды санитарлық-эпидемиология талаптарын қатаң сақтауға шақырамын: маска тағып, адам көп жиналатын орындарға бармау керек.

Жыл басынан бастап вакцинация басталды. Бірінші болып вируспен күресте алдыңғы шепте жүрген медицина, полиция қызметкерлері, мұғалімдер вакцина алды. Халықты вакциналау сәуір айының ортасынан басталады деп жоспарлап отырмыз. Ұжымдық иммунитет арқылы ғана вирусты жеңуге болады.

Қазір қалада бірқатар қосымша карантиндік шектеулер қабылданды. Бұл коронавирустың таралу қаупін азайтуға, азаматтарды қорғауға мүмкіндік береді», — деп жазды елорда әкімі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109