3603

Елордалық спортшы гір көтеруден Қазақстан рекордын орнатты

Нұр-Сұлтан қаласының спортшысы Ақмарал Зупар Петропавлда өткен гір көтеру спортынан Қазақстан чемпионатының алтын медалін жеңіп алды. Ол сондай-ақ салмағы 24 кг салмақты 201 рет көтеріп, ел рекордын жаңартты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Чемпионатқа еліміздің әр өңірінен 200-ден астам спортшы қатысты.

Нұр-Сұлтан қаласының спортшысы Ақмарал Зупар салмағы 24 кг салмақты 201 рет көтеріп, ел рекордын жаңартты.

68 кг салмақ дәрежесінде ол жарыстың алтын медалін жеңіп, еліміздің үш дүркін чемпионы атанды.

Ақмаралдың жеке жаттықтырушы Серік Абдахиннің айтуынша, бұл нәтиже әлемдегі үздіктер қатарына кіреді.

«Бұған дейін еліміздің рекордын әлемнің 10 дүркін чемпионы Татьяна Потемкина иеленген болатын. Ол 183 рет көтерген. Енді оның жетістігін қызымыз жеңіп отыр. Бұл әр баланың қолынан келе бермейді. Спортшыма ризамын. Алдағы сәуір айында Ташкентте өтетін Азия чемпионатында да жоғары деңгейде өнер көрсететінімізге сенімдімін», - деді жаттықтырушы.

Айта кетейік, 18 жастағы спортшы 14 жасында халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын алған болатын.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109