2571

Елордалық ТЖД қауіпсіздік мақсатында жауапты тұлғаларға шатырлардың қары мен сүңгі мұзын тазалауды ұсынды

Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті көктемгі қауіпсіздік шаралары ретінде жауапты тұлғаларға тұрғын үй кешендері мен әкімшілік ғимараттардың өкілдеріне кіреберістің шатырлары мен шатыр үстін қар мен мұздан тазалауды ескертті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Құрметті тұрғын үй кешендеріне (ТКК) және әкімшілік ғимараттарға (Бизнес-орталықтар, СОО) қызмет көрсететін компаниялардың өкілдері,сондай-ақ жеке тұрғын үйлердің иелері! Ауа райының күрт өзгеруіне және қардың еруіне байланысты, сондай-ақ Төтенше жағдайлар мен жарақаттануға жол бермеу мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті Сіздерге тиесілі аумақта, учаскеде су тасқынына қарсы уақтылы іс-шаралар өткізуге шақырады.

Тұрғын үй кешендері мен әкімшілік ғимараттардың өкілдеріне кіреберістің шатырлары мен шатыр үстін қар мен сүңгі мұздан тазалауды, сондай-ақ үй маңындағы және іргелес аумақтағы жаяу жүргіншілер мен тротуар жолдарды тазарту керектігін ескертеміз», - делінген аталмыш департамент таратқан хабарламада.

Консультативтік гидрологиялық болжамға сәйкес сәуір айының алғашқы онкүндігінде елордада ауа температурасының -12 С-тан +8 С-қа дейін жылуы, температураның біртіндеп жоғарылауы күтіледі. Жауын-шашын жаңбыр мен дымқыл қар түрінде күтіледі, тұман мен найзағай болуы мүмкін.

Департамент қызметкерлері тұрғындарға арнап үгіт-насихат және алдын алу жұмыстарын жүргізуде, бүгінгі күні 16 рейдтік іс-шара өткізілді, жалпы 2000 адамды қамтумен 1500-ден астам үйді аралау жүзеге асырылды, 900-ден астам ұсыным берілді.

Механикаландырылған тазалау жұмыстарын жүргізу үшін жеке тұрғын үйлердің тұрғындарына үй аумағындағы қарды жол жиегіне шығаруды ұсынылады. Бұл іс-шаралар учаскелерді су басу мүмкіндігінен азайтуға мүмкіндік береді.

«Құрметтті тұрғындар! Төтенше жағдайларға жол бермеу үшін Сіздерден негізгі қауіпсіздік ережелерін және нұсқауларын сақтауға шақырамыз», — делінген хабарламада.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109