4365

Нұр-Сұлтанда жедел жәрдем көліктеріне арнап «жасыл бағдаршам» жобасы енгізілді

Нұр-Сұлтанда «103» санитариялық автокөліктеріне арнап «жасыл бағдаршам» пилоттық жобасы сәтті енгізілді. Бұл технология бағдаршамды қызылдан жасылға ауыстыру арқылы реанимобильдерге «жасыл дәліз» ұсынады. Қазіргі уақытта жабдықтар реанимациялық бригадалары бар бірқатар жедел медициналық көмек машиналарына орнатылды.

Жедел жәрдемге арналған бұл технология пилот ретінде «City Transportation Systems» компаниясымен бірлесіп денсаулық сақтау саласын цифрландыру аясында 2018 жылы енгізілген. Технология ЖМК автомобильдеріне орнатылған ақпараттық жүйелер мен арнайы жабдықтарды интеграциялау арқылы жүргізушілер қажет болған жағдайда бағдаршам сигналдарын қызылдан жасылға ауыстыра алатындығымен ерекше.

«Аталған технологияны енгізу бригаданың науқасқа жету уақытын айтарлықтай қысқартады. Осылайша жедел медициналық көмекті уақытылы және сапалы көрсету бойынша көрсеткіштер жақсарды. Ары қарай қала әкімдігі мен Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы санитарлық автокөліктердің бәрін осы технологиямен жабдықтауды жалғастырады», - делінген басқарма хабарламасында.

«Жасыл бағдаршам» жедел жәрдем көлігін сүйемелдеудің жағымды жақтарын көрсетті. Атап айтқанда, жүру уақыты орта есеппен 30%-ға қысқарды.

Осыған дейін госпитальға жету уақыты 14 минутты алса, бұл технологияның көмегімен жедел жәрдем көлігі межелі жерге, сондай-ақ 11 км немесе одан да ұзақө жолға 10 минутқа жетер-жетпес уақытта жетеді.

«Шақыруға асығып бара жатқанда немесе пациентті ауруханаға мүмкіндігінше жедел жеткізу кезінде бұл технология біз үшін таптырмайтын көмек болып саналады. Себебі біз үшін әр минут құнды. Әсіресе, кешкі кептеліс уақытында маңызды рөл атқарады», - дейді ЖММК реанимобиль жүргізушісі Асхат Ақтаев.

Қала әкімі Алтай Көлгінов 2020 жылдың күзінде «103» көлік құралдарын интеллектуалды көлік жүйесіне толыққанды біріктіруді қамтамасыз ету мәселесін тапсырған болатын.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109