2226

Елорда әкімі азаматтарды қабылдаудың жағымды жақтары туралы айтты

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында азаматтарды қабылдау мәселелерді жүйелі шешуге мүмкіндік беретінін мәлім етті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Азаматтарды қабылдау мәселелерді жүйелі түрде шешуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ қабылданып жатқан шаралар қала тұрғындарының өміріне қалай әсер ететінін көруге, қаланың одан әрі дамуына ықпал етуге мүмкіндік береді.

Мысалы, азаматтарды қабылдаудағы негізгі мәселелердің бірі тұрғын үй мәселесі мен медициналық көмек алу екенін көрдік. Әлеуметтік жеңілдікпен берілетін пәтерлерді алушылардың санатын едәуір кеңейттік, тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін 1,5 млн теңгеге дейін ұлғайттық, сондай-ақ оңалту орталықтарының, медициналық орталықтардың, балалар үйірмелерінің және т. б. желісін кеңейттік.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес спортпен айналысу үшін жағдай жасаймыз. Қоғамдық кеңістіктер ашып (саябақтар, бульварлар), аулаларды абаттандырамыз, дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысымен айналысамыз және т.б. Бұл балаларды спортқа дағдылауға, олардың физикалық денсаулығын күтуге мүмкіндік береді.

Бүгін қабылдауға жазылған 10 тұрғынды онлайн қабылдадым. Кездесулердің өзектілігін көріп, қабылдауларды апта сайын өткіземіз. Сұрақтардың бір бөлігі сол жерде шешілді, қалғандары назарға алынды. Қажет болған жағдайда мамандар өтініш білдіргендерге барып та жатады», — деп жазды қала әкімі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109