2081

Елордада карантин тәртібін жүйелі түрде бұзған 28 мекеменің қызметі тоқтатылды

Каратиндік шектеулерді бұзушылықтарды анықтау және оларға жол бермеу жөніндегі мобильді топтар күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда. Елордада ескертулерге қарамастан кәсіпкерлік субъектілерінің карантин режимін бұзуы күн сайын тіркеледі. Кейбір мекемелер мұны жүйелі түрде жасайды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

2021 жылдың басынан бастап аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары шектеу және карантин шараларын бұзғаны үшін жалпы сомасы 87 207 029 теңгеге 383 жеке, заңды тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Әкімшілік жауапкершілікке бірнеше рет тартылғанына қарамастан тиісті талаптарды елемеген және орындамаған 47 кәсіпкерлік субъектісіне қатысты Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына 52 материал жіберілді.

Сот барлығы 28 нысанның қызметін тоқтатты және 5 954 770 теңге сомасына әкімшілік айыппұл салды.

Өткен тәулікте мобильді топтар қалада карантинді бұзған 3 кәсіпкерлік субъектісін анықтады.

Сонымен, Есіл ауданында орналасқан «Панаехали» бары демалыс күндері жұмыс істеуіне тыйым салынғанына қарамастан келушілерді қабылдағаны анықталды. Ал қызметкерлер тексерушілерге мекеменің есігін ашпағанын айта кеткен жөн.

Карантин режимін Алматы ауданындағы «Fantasy» компьютерлік клубы мен Сарыарқа ауданындағы «Беницкий» бары да бұзды.

Еске сала кетейік, елорда 10 наурыздан бастап эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша «қызыл» аймақта орналасқан. Дәрігерлер қаладағы коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз болып отырғанын атап өтті. Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтарына, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілеріне карантин режимін қатаң сақтау талап етіледі. Сол сияқты адам көп жиналатын орындардан аулақ аулақ болып, маска режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтаңыз.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109