2256

Елордалық спортшылар су добынан ел чемпионы атанды

Алматы қаласында 12-13 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында су добынан Қазақстан Республикасы чемпионатының соңғы турының финалдық ойындары өтті. Тартысқа толы жарыста елордалық команда ел чемпион атанды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Жарыстың финалына Алматы, Атырау, Ақтөбе, Көкшетау, Тараз қалаларының командалары қатысты. Нұр-Сұлтан қаласының құрамасы барлық матчта жеңіске жетіп, үздік нәтиже көрсетті. Мүмкін болған 10 ұпайдан 10 ұпай жинады. Жалпы есеп 65:16. Ойыншылар физикалық және тактикалық дайындықтың жоғары деңгейін көрсетті. Команданы ҚР чемпионатының алтын жүлдесіне жаттықтырушы Әділ Темрханов пен Артем Османов алып келді.

Жалпы қорытынды есепте бірінші орынды 10 ұпаймен Нұр-Сұлтан спортшылары жеңіп алса, екінші орынды 7 ұпаймен Тараз иеленді. Ал үздік үштікті 5 ұпаймен Ақтөбе түйіндеді.

Осы жастағы спортшыларға 2024-2036 жылдары өтетін Олимпиада ойындарында Қазақстанның намысын қорғайды деп үміт артылып отыр. Нұр-Сұлтанда су добының бірегей базасы құрылды, оның жаттығу процесін қазіргі Олимпиада чемпиондарын тәрбиелеген балалар су добынан шақырылған сербиялық маман Небойша Обрадович басқарады.

«Бұл жетістіктер елорда әкімдігі мен Нұр-Сұлтан қаласының спорт басқармасы тарапынан балалар су добын қаржыландырудың арқасында мүмкін болды. Елдегі су добы жыл сайын дамып келеді, спортшылардың бәсекесі мен шеберлігі артып келеді. Биыл Астаналық су добы мектебі өзінің он жылдығын атап өтіп жатыр», — деді су добынан қаланың аға жаттықтырушысы Әділ Темірханов.

Айта кетейік, ел чемпионаты эпидемиологиялық жағдайға байланысты жанкүйерсіз өтті. Ал бәсеке барысында санитарлық нормалар мен талаптар толықтай сақталды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109