1960

Елордада «Алғашқы жұмыс орны» жобасын ұйымдастыруға қатысу үшін өтінімдер қабылдау жалғасып жатыр

«Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ 2021 жылы «Алғашқы жұмыс орны» жобасын ұйымдастыруға қатысу үшін өтінімдерді қабылдауды жалғастыруда. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдар, бұл ретте салық және басқа да әлеуметтік аударымдарды жүйелі жүргізетін, жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ және бір жылдан астам қызмет ететін жұмыс берушілер «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша жұмысқа орналастыруды ұйымдастырады.

Бағдарламаға мына санаттағы азаматтар қатыса алады: алғаш рет жұмыс іздеп жүрген түлектер, жұмыс іздеп жүрген адамдар, 29 жастан аспаған жастар қатарындағы, оның ішінде NEET санатындағы жұмыс тәжірибесі жоқ жұмыссыздар.
Толық ақпарат және қажетті құжаттар тізімі бар өтінім бланкі орталықтың www.cz.astana.kz ресми сайтына орналастырылған.
Өтінім беру egov.kz – электрондық үкімет порталы арқылы ұсынылады.

Сұрақтар бойынша келесі мекен-жайға хабарласуыңызға болады: Нұр-Сұлтан қ., Бейбітшілік к-сі, 25 («Өркен» БО) 2 қабат, 202/2 кабинет, тел. 72-93-56; 57-88-86.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109