2474

Нұр-Сұлтан қаласының командасы панкратионнан ел чемпионатында үздік атанды

Шымкент қаласында 31 наурыз бен 5 сәуір аралығында панкратионнан ересектер мен жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жарыстың жалпы қорытындысы бойынша командалық есепте Нұр-Сұлтан қаласының спортшылары 12 алтын, 4 күміс, 9 қола жүлдемен бірінші орынды жеңіп алды.

Екінші орынға Шығыс Қазақстан облысының спортшылары жайғасса, үздік үштікті Шымкент қаласының панкратион шеберлері түйіндеді.

Ересектер арасында спортшыларымыз елорда қоржынына 8 алтын, 3 күміс, 2 қола жүлдені салды.

Панкратионның «традишн» бөлімінде Көшен Ақанов (66кг), Әли Қабдулла (74 кг), Дияр Нұрғожай (100 кг) қарсылас шақ келтірмесе, «элит» бөлімінде  Алмаз Сәрсембеков (60 кг), Сәбит Жүсіпов (66 кг), Аслан Ораз, Мұратбек Қасымбай, Имран Тайсұлтанов (84 кг) сынды спортшыларға тең келер ешкім болмады.

Ал жастар арасындағы бәсекеде спортшыларымыз 4 алтын, 1 күміс, 7 қоламен қорытындылады. Бұл сында Әділ Шакир (60 кг), Бекжан Әбілқасым (60 кг), Жасұлан Қонқабаев (65 кг), Мадина Қанатқали (50 кг) үздік болып, жеңіс тұғырынан көрінді.

Айта кетейік, эпидемиологиялық жағдайға байланысты чемпионатқа жанкүйер қауым қатысқан жоқ. Тиісті санитарлық нормалар мен талаптар толықтай сақталды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109