2486

Нұр-Сұлтан қаласының аудан әкімдері көшелерді су басқаны үшін жазаланады

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында өз жұмысын сапалы орындамайтын аудан әкімдері жазаға тартылатынын мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Көктем келісімен қаланы ретке келтіру керек. Бұл – санитарлық тазалау, қарды уақытылы шығару, абаттандыру, қасбеттерді тиісті қалыпқа келтіру және т. б. жұмыстар.

Тұрғындар тарапынан өтініштер жиілеп кетті. Қаланы аралау барысында барлық аудан әкімдерінің өз жұмыстарын сапалы атқара бермейтіні көрінеді. Аудандық әкімдіктерде жауапкершілікті бір-біріне бұру фактілері бар.

Ең көп шағымдар Есіл және Алматы аудандары бойынша түсіп жатыр. Бұл – аумақтарды уақытылы жинамау, мердігерлік ұйымдардың жұмысын нашар бақылау, тұрғындардың өтініштеріне дер кезінде жауап бермеу мәселелері. Кей жұмыстар тіптен аяқсыз қалған! Алматы және Есіл аудандарының әкімдеріне қатаң ескерту жасалды.

Барлық аудан әкімдеріне кабинеттерден шығып, өз аумақтарын жаяу аралап, мәселелерді шешуді, сеніп тапсырылған учаскелерге жауап беру тапсырылды. Барлық кемшіліктер қысқа мерзімде түзетілуі керек.

Жұмыстарды сапасыз және уақытылы орындамаған жағдайда тәртіптік жауапкершілікке тартамыз», — деп жазды елорда әкімі.

Фото: Тұрғындардың Instagram-ға жіберген скриншоты

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109