1598

Елордада COVID-19 инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз болып отыр

Нұр-Сұлтан қаласында пандемия басталғалы бері 34 мыңнан астам адам COVID-19 инфекциясымен ауырғаны белгілі болды. Бұл туралы онлайн брифинг барысында елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова мәлім етті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Нұр-Сұлтан қаласындағы CОVІD-19 инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз болып қалуда, эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы бойынша бір ай «қызыл аймақта» тұр. Осы жылдың басынан бері қала бойынша сырқаттанғандар саны 15 мыңнан асты, пандемия басталғалы 34 000 астам жағдай тіркелді. Оның ішінде 21000-нан астамы - симптоматикалық және 12 000-нан астамы- симптомсыз», — дейді Сархат Бейсенова.

Оның айтуынша ақпан айында сырқаттанушылық динамикасында қаңтармен салыстырғанда 25%-ға төмендеу байқалса, наурыз айынан бастап елордада сырқаттанушылықтың тұрақты өсуі байқалады және наурыз айы мен сәуірдің 7 күнінің қорытындысы бойынша қаңтар мен ақпан айларына қарағанда 2338 жағдайға көбірек тіркелді (қаңтар – 3763; ақпан – 2811; наурыз – 6011, сәуір - 2901).

«17 наурыздан бастап аурудың күнделікті өсуі 1%-дан асып, 20-25 наурыз аралығында 0,64%-ға дейін төмендеді. Соңғы 12 күн ішінде бұл көрсеткіш орта есеппен 1,2%-ға сақталады. Соңғы тәулікте 578 бастапқы жағдай тіркелді, яғни симптомдары бар 404 жағдай, 174 — симптомсыз жағдай. Соңғы аптадағы сырқаттанушылық көрсеткіштері алдыңғы аптаның деңгейінен 23%-ға жоғары, 100 мың тұрғынға шаққандағы қарқынды көрсеткіш 249,6 құрады. Репродуктивті саны бірден жоғары», — деді елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109