1837

Елордада мүгедек жандарды жұмысқа орналастыру бойынша жұмыс берушілерден өтінімдер қабылдануда

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құру бойынша жұмыс берушілерден өтінімдер қабылдайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындары — бұл мүгедектің жеке мүмкіндіктері ескеріле отырып жабдықталған жұмыс орындары.

Ал арнайы жұмыс орындарын құру кезінде жабдықты сатып алуға, монтаждауға және орнатуға жұмсалған шығындарды өтеу мақсатында жұмыс берушілерге мемлекеттік бюджет қаражатынан субсидиялар беріледі.

Осы ұсынысқа қызығушылық танытқан жағдайда өтінімді Нұр-Сұлтан қаласы Бейбітшілік көшесі, 25 мекен-жайы («Өркен» БО) бойынша Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына ұсыну қажет.

Арнайы жұмыс орындарын құру туралы қосымша ақпаратты 72-93-41, 8-775-763-07-09 телефондары арқылы алуға болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109