1585

Елордада Бейсекбаев пен Сейфуллин көшелеріндегі жаңа қоғамдық кеңістіктер абаттандырылады

Елорданың Урбанистика орталығы қала тұрғындарымен қоғамдық кеңістікті абаттандыру бойынша қоғамдық талқылаулар өткізеді. Осындай кездесулердің қорытындысы бойынша Бейсекбаев және Сейфуллин көшелеріндегі жаңа алаңдардың эскизі дайындалады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Воркаут-аймақ, түрлі жаттығу құрылғылары бар спорт-аймақ, иттерді серуендетуге арналған алаң. Аты аталған орындар Бейсекбаев көшесі 21, 21/1 және Сейфуллин көшесі 69, 69/2 үйлерінің жанындағы аула кеңістігінің тұжырымдамалық шешімінде қарастырылған. Мұндай шешімге қала тұрғындары мен Урбанистика орталығының өкілдері тоқталды.

Жоба аясында бірнеше ойын алаңы, отыратын орындары бар тыныш жер, киім кептіруге арналған орын, көлік тұрағы көзделген. Сонымен қатар, аумақты көгалдандыру да жоспарланып отыр. Жобаны биыл іске асыру жоспарлануда. Жұмыс «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» мастер-жоспары бойынша жүргізіліп жатыр.

Қоғамдық талқылау – ауланы біріге отырып жобалаудың бір бөлігі.

«Естеріңізге сала кетейік, белсенділердің урбанистермен бірлескен жұмысының мәні – тұрғындар өз ауласында қандай өзгерістер болғанын анықтайды. Соның негізі бойынша тілектерге сүйене отырып, жобалық шешім жасалып, идея жүзеге асырылады. Жобалау алдында елордалық урбанистер сауалнама жүргізіп, қала тұрғындарының өтінішін жинайды. Тұрғындармен кездесулерде командалық дизайн-ойын өткізіледі. Нәтижесінде, жаңа қоғамдық кеңістікті жайластыру бойынша эскиздік ұсыныс пайда болады», – деп атап өтті урбанистика орталығында.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109