3023

Нұр-Сұлтан қаласында абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін құрылыс объектілерінде жұмыс тоқтатылады

Мобильді топтардың құрамына Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының, жергілікті полиция қызметі департаментінің, аудан әкімдіктерінің өкілдері кіреді. Биыл наурыз айынан бастап 130 нысан тексерілді.

Тексеру нәтижесі бойынша 72 нысанда тәртіп бұзылғаны анықталды. Атап айтқанда дөңгелек жуу пунктерінің жұмысы қамтамасыз етілмеген, сол сияқты құрылыс аумағының ішінде өту жолдарының қатты жабыны төселмеген және қоршауы тиісті жағдайда орнатылмаған. Ал 26 құрылыс алаңында дөңгелек жуу пункті жоқ.

Мобильді топтар 72 ұйымға құрылыс алаңдарын тиісті жағдайға келтіру туралы хабарлама берді.

Қала аумақтарын абаттандыру ережелерін, сондай-ақ инфрақұрылым объектілерін бұзғаны үшін 13 құрылыс салушыға қатысты әкімшілік істер қозғалды (Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 505-бабы).

Аталған проблемалар жойылмаған жағдайда осы жылдың 12 сәуірінен бастап құрылыс нысандарында электр энергиясы өшіріліп, құрылыс-монтаждау жұмыстары тоқтатылатын болады.

Төменде көрсетілген мердігер ұйымдарға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес жалпы сомасы 380 мың теңгеге 2 ескерту, 11 әкімшілік айыппұл берілді.

Қала аумағын абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғандардың тізімі:

1 «BAZIS-A ЖШС, «Astana real estate 2017» ЖШС
А. Байтұрсынов көшесіндегі «Discovery» ТК
2 «BI Global» ЖШС
«А. Байтұрсынов көшесіндегі 2000 орынға арналған мектеп құрылысы»
3. «Шар Құрылыс» ЖШС
«Кенесары және Сембинов көшелерінің қиылысындағы ТК»

4. «Sat Construction» ЖШС
«Ж.Нәжімеденов және С.Нұрмағамбетов көшелерінің қиылысындағы ТК»
5. «NUR-ZHAS-2030» ЖШС
«А80 және Ж. Нәжімеденов көшелерінің қиылысына ТК»
6. «Иртыш Групп» ЖШС
«Ж. Нәжімеденов және С. Нұрмағамбетов көшелерінің қиылысы»
7. «Zeta Construction» ЖШС
«ОТАН-2» ТК А. Байтұрсынов көшесінің бойында
8 «URBAN» ЖШС 2020
«Қордай көшесіндегі ТК»
9. «Mainstreet» ЖШС
“Майлин көшесі, 6»
10. «Sigma Byild» ЖШС
Ж. Нәжімеденов көшесінде
11. «Грандстрой» ЖШС
«Мұхамедханов көшесіндегі ТК»
12. «Мегастрой ЛТД» ЖШС
«Тұран даңғылындағы мұнара»
13. «СК БАЗАР» ЖШС
«Тұран даңғылындағы Nova Сity».

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109