1600

Нұр-Сұлтанда жыл басынан бері 600-ден астам карантин тәртібі бұзылды

Карантиндік шектеу шараларын сақтамаудың жолын кесу бойынша мобильді топтар күн сайын елордада карантин бұзушыларды анықтайды. Қалада 2021 жылдың басынан бері 600-ден астам карантин тәртібі бұзылды. Бұл туралы онлайн брифингте Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің бастығы Арман Айтмағамбетов мәлім етті.

Естеріңізге сала кетейік, мобильді топтардың құрамында полиция мен қала әкімдігінің қызметкерлері жұмыс істейді.

«Бізге 102 нөмірі, әлеуметтік желілер, мессенджерлер және басқа да байланыс құралдары арқылы қала тұрғындарынан бизнес нысандарының карантинді бұзғаны туралы хабарламалар күн сайын түседі. Тұрғындар жекелеген ойын-сауық орындары мен қоғамдық тамақтану нысандары санитарлық талаптарды бұзып, вирустың таралу қаупін тудырып, тыйым салынған уақытта жұмыс істеп жатқанын хабарлайды», - деп түсіндірді Айтмағамбетов.

2021 жылдың басынан бері елордада мобильдік топтар карантинді бұзудың 600-ден астам фактісін анықтады. Оның ішінде түнгі клубтар, кафелер, мейрамханалар – 500-ден астам, дүкендер, сауда орталықтары, базарлар – 50-ден астам, шаштараздар, сұлулық салондары, сауналар – 30-ға жуық.

«Барлық анықталған заңбұзушылық бойынша материалдар Нұр-Сұлтан қаласының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін жолданды. Сондай-ақ, біз азаматтармен коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша карантиндік шараларды сақтау туралы түсіндіру жұмыстарын жалғастырамыз», - деді спикер.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109