2630

Елордада карантинді бұзуға жол бермеу бойынша мониторингтік топтар қалай жұмыс істейді

Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласының әрбір аудан әкімдігінде карантиндік режим мен шектеу шараларының бұзылуын анықтайтын және олардың алдын алатын 8 мониторингтік немесе мобильді топ жұмысын жалғастыруда. Олардың қалай жұмыс жүргізіп жатқаны туралы онлайн-брифингте қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова түсіндіріп берді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Мониторингтік топтардың құрамына аудан әкімдіктерінің қызметкерлері мен полиция басқармаларының мамандары кіреді.

«Қазіргі уақытта мониторингтік топтар күн сайын рейдтік іс-шаралар жүргізеді. Оның барысында 100 және одан да көп кәсіпкерлік объектілері қамтылады. Сол сияқты жеке тұлғалардың да, кәсіпкерлік субъектілердің де шектеу және карантиндік шараларды сақтамау фактілері анықталады. Яғни, коронавирустық инфекцияның таралу қаупі мен тыйымға қарамастан жаппай іс-шаралар (үйлену тойлары, туған күндер, кештер) өткізіледі. Нысан ішінде келушілердің көп болуына жол беріліп, әлеуметтік қашықтық пен белгіленген жұмыс режимі сақталмайды», - деп хабарлады Сархат Бейсенова.

Мәселен, 2021 жылы 1 қаңтардан 7 сәуірге дейін полиция басқармаларынан шектеу шаралары бұзылғаны туралы 400-ден астам материал келіп түсті. Оның негізінде 29 млн теңгеден астам сомаға 150-ге жуық әкімшілік айыппұл салынды. Ал 12 млн теңгеден астам сомаға 72 айыппұл қысқартылған тәртіппен төленді.

Елорданың бас санитарлық дәрігерінің айтуынша, мониторингтік топтардың жұмысы шектеу және карантин шараларын бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге бағытталған, оның ішінде:

- объектінің жұмыс режимін сақтамауы;
- көпшілік іс-шараларды өткізу (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу);
- әлеуметтік қашықтықты сақтамау;
- маска режимін сақтамау;
- объектіде келушілердің рұқсат етілген санының артуы.

«Мониторингтік топтардың құрамына кіретін лауазымды азаматтардың, сондай-ақ басқарма қызметкерлерінің іс-әрекеттері Қазақстан Республикасының ведомствоаралық комиссиясының төрағасы бекіткен іс-қимыл тәртібін айқындайтын алгоритмге сәйкес жүзеге асырылады», - деп қорытындылады спикер.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109