1975

Нұр-Сұлтан қаласының командасы көкпардан ел біріншілігінде бірінші лига чемпионы атанды

Тараз қаласында 29 наурыз бен 7 сәуір аралығында көкпардан ересектер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Дүбірлі додада Нұр-Сұлтан қаласының командасы бірінші лигада ел чемпионы атанды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Еліміздің барлық өңірінен үздік көкпаршылар қатысқан жарыста біздің шабандоздар 4 кездесу өткізіп төртеуінде де айқын басымдықпен жеңіске жетті. 30 наурызда Маңғыстау облысының спортшыларымен өткен ойында спортшыларымыз 6:3 есебімен ұтса, келесі күні Ақтөбе облысы көкпаршыларымен болған кездесу 8:2 есебімен біздің жігіттердің пайдасына шешілді.

Шымкент қаласының көкпаршыларын да 10:2 есебімен ойсырата жеңді. Ал 4 сәуір күні құраманың кезекті қарсыласы Павлодар қаласының құрамасы ойынан бас тартып, жеңіс біздің спортшылардың еншісінде қалды. Ақтық сында Қарағанды облысын 7:2 есебімен ұтып, елорда көкпар құрамасы бірінші лига чемпиондары атанды.

«Спортшылардың дайындығы және жылқыларды дайындау тұрғысынан үлкен жұмыс жүргізілді. Оңтүстік пен солтүтсік аймақтың арасындағы климаттық айырмашылыққа қарамастан, оңтүстікте оқу-жаттығу жиындары өткізілді. Жылқылар бейімделе алды, спортшылар физикалық тұрғыдан дайын болды, сондықтан ойын жақсы өтті. Жігіттер қорғаныста да, жекпе-жекте де барын салды. Ары қарайғы басты мақсатымыз – жоғары лигадағы үздік үштікке ену», – деді «Нұр-Сұлтан» көкпар клубының директоры Донияр Ибраев.

Елорда командасының сапында Қазбек Амангелдинов, Нұрболат Қартқожақ, Асқар Оңғарбаев, Азамат Хасенов, Абай Ережеп, Жақсылық Амалбеков, Елдос Тілебалдиев, Мейіржан Мәтжан, Владирмир Киль, Алижан Қаттабосынов, Арслан Қабжанов, Елжас Есенгелді сынды шабандоздар өнер көрсетті.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109