3018

Елордада «Ashyq» пилоттық жобасына қатысушылар саны 100-ден асты

Нұр-Сұлтан қаласында «Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын кәсіпкерлік субъектілер қатары 119-ға жетті. Елорда эпидемиологиялық жағдайға байланысты «қызыл» аймаққа енгендіктен «Ashyq» пилоттық жобасына қатысуға ниет білдіріп, шет қалғысы келмейтін кәсіпкерлік субъектілер қатары артып келеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан қаласында «Ashyq» пилоттық жобасына 119 кәсіпкерлік субъектісі қатысады. Оның ішінде 43 фитнес-клуб, 18 спа-орталық, 11 бассейн, 3 боулинг-клуб, 27 компьютерлік клуб, 17 сауна бар.

Жобаның артықшылығы — кәсіпкерлік субъектілерінің қай аймаққа орналасқанына қарамастан қызметін қайта бастауына немесе жалғастыруына болады.

Айта кету керек, мекемеге кірер сәтте келушілерге түстер бойынша мәртебе беріледі:

– «қызыл» мәртебе – қозғалысқа шектеу, өйткені адам амбулаториялық емделуде;
– «сары» мәртебе – ішінара шектеу, яғни ПТР арқылы байланыста болған;
– «көк» мәртебе – ПТР-анықтаманың болуы міндетті орындардан басқа жерлерде қозғалысқа шектеулер жоқ;
– «жасыл» мәртебе – COVID-19-ға теріс нәтижемен ПТР-тестілеуден өткен адам үшін шектеусіз қозғалыс.

Айта кетейік, елордада «Ashyq» қосымшасы арқылы жұмыс істегісі келетін бизнес субъектілері күн санап артып келеді. Олардың тізімі күн сайын жаңартылып тұрады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109