3004

Биыл елордада эпидемиологиялық жағдайға байланысты тарауих намазы мен ауызашар рәсімдері өткізілмейді

Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов эпидемиологиялық жағдайға байланысты Қасиетті Рамазан айында тарауих намазы мен ауызашар рәсімдері өткізілмейтінін мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Барша Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтарын келе жатқан «Қасиетті Рамазан айы» мерекесімен құттықтаймын! 2021 жылы «Қасиетті Рамазан айы» діни мерекесі 13 сәуір мен 12 мамыр аралығында өтеді. Мамыр айының 8-нен 9-ына қараған түні «Қасиетті Қадір түні», 13-ші мамыр күні «Ораза Айт» мерекесі атап өтіледі. Дегенмен санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты барлық мешіттердегі дәстүрлі «Тарауих намаздар», «Ауызашар» рәсімдері өткізілмейді», - дейді Ерболат Жүсіпов.

Ал өз кезегінде Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Нұрдәулет Алмұханов Нұр-Сұлтан қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы ҚМДБ-ның қала бойынша өкілдігі және тиісті мемлекеттік мекемелермен бірлесе дайындық жұмыстарын жүргізіп жатқанын мәлім етті. Ол сол сияқты елордада Рамазан айында көмекке мұқтаж отбасылардың тізімі дайындалып жатқанын жеткізді.

«Көмекке мұқтаж отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында аудан әкімдіктері және Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасымен бірлесе көмекке мұқтаж отбасыларының тізімі жасақталуда. Осы орайда, құрметті қала тұрғындары «Қасиетті Рамазан айы» мейірімділік пен жақсылықтың айы болғандықтан, баршаңызды көмекке мұқтаж адамдарға қолдан келгенше қол үшін беріп қайырымдылыққа ат салысуларыңызды сұраймын», - деді ведомство басшысы.

Ол сөзін жалғай отырып, санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік ережелеріне баса мән беруді тапсырды.

«Құрметті Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтары, баршаңызды бекітілген санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырамыз. Өзімізді және жақындарымызды қауіп-қатерден қорғайық», - деді ол.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109