2257

COVID-19 вакцинасы оразаны бұзбайды – Пірәлиева

Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары Жанна Пірәлиева онлайн брифинг барысында халықты КВИ-ға қарсы вакцинациялау оразаны бұзбайтынын атап өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«COVID-19 вакцинасы оразаны бұзбайды. Себебі ораза кезінде зат ас қорыту жүйесіне ауыз немесе мұрын арқылы енсе, ол бұзылады. Ал инъекция және коронавирусқа қарсы вакцина енгізу жағдайында мұндай ешнәрсе болмайды», - деді Жанна Пралиева.

Сондай-ақ, ол қалаларда қосымша егу нүктелері құрылғанын еске салды. Сол сияқты ірі сауда орталықтарында жаппай вакцинация жүргізу жоспарланып отыр. Осыған байланысты қасиетті Рамазан айында ораза ұстаған әрбір елордалықтың COVID-19-ға қарсы екпе алуға және өзін аурудан қорғауына мүмкіндігі бар.

«Елорданың әрбір тұрғыны қаладағы және жалпы еліміздегі коронавирустық инфекция бойынша бүгінгі жағдайдың ауырлығына мән беруі қажет. Әрбір азамат ораза ұстайтын жақынын COVID-19 инфекциясын жұқтырудан қорғауы керек. Ал бұл үшін тиісті сақтық шараларын сақтау қажет. Нақтырақ айтқанда қоғамдық орындарда бетперде кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау, бұқаралық іс-шаралар ұйымдастырмау және оған қатыспау», - деп қосты спикер.

Сонымен қатар, Жанна Пірәлиева Рамазан айында ораза ұстағысы келетін адам дәрігердің кеңесін алуы қажет екенін айтты.

«Қауіп-қатерге душар болған адамдар, яғни жақында COVІD-19 инфекциясымен ауырған, созылмалы аурулары бар, қалқанша безінің проблемалары бар қарттар, жүкті әйелдер Рамазан айында ораза ұстағысы келеді. Мұндай жағдайда дәрігермен отыз күндік оразаның орындылығын туралы кеңесін алуы қажет», - деді спикер.

Жанна Пірәлиева өз сөзінде ораза ұстаушыларда аурудың алғашқы белгілері білініп, әлсіздік, иіс сезбеу секілді белгілері пайда болған кезде медициналық көмекке жүгініп, дәрігердің кеңесімен оразаны тоқтатуы керек екенін атап өтті.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109