2449

Нұр-Сұлтан қаласындағы паралимпиадалық жаттығу орталығын онлайн аралауға болады

Нұр-Сұлтан қаласында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған Паралимпиадалық жаттығу орталығы жұмыс істейді. Оған онлайн кіріп, секцияға жазылуға болады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Халықаралық деңгейдегі мамандандырылған паралимпиадалық жаттығу орталығы 2018 жылы ашылған болатын. Орталықта спорттың 17 түрі бойынша жаттығулар тегін өткізіледі. Тренажер, жекпе-жек және ойын түрлері залдарынан тұратын ғимараттың жалпы ауданы – 4 682,70 шаршы метр. Қазіргі таңда орталық айына 3400-ден аса адамды қабылдайды.

Аталған орталықты енді онлайн аралап, және қалаған спорт түріне жазылуға мүмкіндік бар. Орталық спортшылары мен қонақтарына арнайы виртуалды «3D тур» жобасын жасап шығарылды. «3D тур»  келушілерге үйден шықпай-ақ экскурсия өткізуге мүмкіндік береді. Оның көмегімен барлық бейімделген жаттығу залдарын, демалыс аймағын, медицина бөлмелерін, тамақтану алаңын, қонақ үй және т.б. жерлерді көруге болады.

Сондай-ақ, тур барысында спорт түрлері, тренажерлар, жаттығу залдары туралы бейнематериалдар да ұсынылған. Аталған орталықты басқарушы «Каспий» спортты дамыту қоры басшылығының айтуынша «3D тур» жобасы мүмкіндігі шектеулі жандарға спортпен шұғылдануы үшін жағдай жасайды.

«Жоба бірінші кезекте біздің келушілерімізді ақпараттандыру, таныстыру және оларға қолайлы жағдай тудыру үшін жасалып отыр. 3D тур арқылы қаламыздың ғана емес, өзге аймақтардың мүмкіндігі шектеулі тұрғындары орталығымызды онлайн аралап көре алады. Бұл карантин кезінде орталықты көрігісі келетін адам санын азайтып, мекеме жұмысын оңтайландыруға септігін тигізеді. Және де осы жобыны тегін негізде жасап берген city360.kz компаниясына алғысымызды білдіреміз», - деп атап өтті қордың атқарушы директоры Абдусаид Назаров.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109