2939

Елордада 11 мыңнан астам ШОБ субъектісі «Saqtandyry» жүйесінде өз қызметкерлерінің деректерін жаңартуы тиіс

МӘМС жүйесін іске асырудағы өзекті мәселелердің бірі – азаматтарымыздың сақтандыру мәртебесі. Шағын және орта бизнес өкілдері азаматтардың жеңілдікке ие санатына жататын өз жұмыскерлері туралы деректі (ЖСН) msb.fms.kz сайтына енгізу қажет. ШОБ жұмыскерлері қарыз болып, артынша оны жою қажеттігі туындамас үшін, олар туралы деректі «Saqtandyry» ақпараттық жүйесіне енгізу мерзімі 2021 жылдың 1 қазанына дейін ұзартылды. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты Медициналық сақтандыру қорының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сақтандырылмағандар арасында ҚР Үкіметінің Қаулысына сәйкес сақтандыру төлемдерінен босатылған ШОБ қызметкерлері де болуы мүмкін. Жұмыс берушілер қарамағындағы қызметкерлері туралы мәліметті Қордың msb.fms.kz сайтына орналастыруы, яғни олардың сақтандыру мәртебесін сақтауы тиіс. Одан әрі жұмыскерлер ешқандай төлем жасалмаса да МӘМС жүйесіндегі қызметтердің барлығын кедергісіз алады.

«Нұр-Сұлтан қаласында барлығы 33 мыңнан аса ШОБ субъектісі бар. 2021 жылдың 2 сәуіріндегі жағдай бойынша, олардың ішінде 22 560 субъект ақпараттық жүйеде өз қызметкерлерінің деректерін жаңартқан, ал 11 мыңнан аса ақпараттық жүйеде жұмыскерлер тізімін әлі жаңартпаған. Осылайша 11 мыңнан аса кәсіпорынның жұмыскерлері МӘМС жүйесінен тыс қалуы мүмкін. Сондықтан жұмыс берушілер ШОБ жұмыскерлерінің медициналық сақтандыру мәртебесін нақтылаудың маңыздылығын түсінулері қажет», - деп атап өтті Медициналық сақтандыру қорының елордалық филиалының директоры Н.Қабдықапаров.

ШОБ жұмыскерлері қарыз болып, артынша оны жою қажеттігі туындамас үшін олар туралы деректі «Saqtandyry» ақпараттық жүйесіне енгізу мерзімі 2021 жылдың 1 қазанына дейін ұзартылды.

Қазіргі күні шағын және орта бизнес субъектілерінің жұмыскерлері туралы деректер «Saqtandyry» ақпараттық жүйесіне енгізілмесе, бұл қызметкерлер ӘМСҚ-ға қарыздар болып, МӘМС арқылы медициналық көмек алу мүмкіндігінен айырылуы мүмкін.

Айта кетсек, «Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығын салық салу мәселелері бойынша iске асыру жөнiндегi одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі №224 қаулысына сәйкес, жеке тәжірибемен айналысып жүрген тұлғалар, сондай-ақ микро, шағын немесе орта кәсіпкерліктің жалдамалы жұмыскерлері үшін жарна төлеуден 2021 жылдың 1 қаңтарына дейін босатылған еді.

Ақпаратты жаңарту үшін msb.fms.kz сайтындағы Қордың «Saqtandyry» ақпараттық жүйесіне жұмыскерлердің жеке сәйкестендіру нөмірін енгізу қажет.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109