3353

Нұр-Сұлтандағы СОО-да коронавирусқа қарсы вакцинация жүргізіліп жатыр

Елордалық «Mega Silk Way» СОО-да коронавирусқа қарсы вакцинация басталды. Вакцинаның бірінші компонентін СОО қызметкерлері, бутиктерді жалға алушылар, сатушылар және орталық қызметкерлері алды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Бұдан басқа, тұрғындарды коронавирусқа қарсы вакцинациялау алдын ала жазылу арқылы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарында, яғни емханаларда, отбасылық денсаулық орталықтарында, дәрігерлік амублаторияларда және т.б. орындарда жүзеге асырылады.

Елорда әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша егу пункттерінің саны 36-дан 100-ге дейін ұлғайды. Олардың жұмыс кестесі сағат 08:00-ден 00:00-ге дейін ұзартылды. Вакцинаны алуға egov мобильдік қосымшасы арқылы немесе 109 нөмірі бойынша call-орталыққа қоңырау шалу арқылы жазылуға болады.

«Бүгін тестілік режимде СОО қызметкерлерін вакцинациялай бастадық. Мұнда шамамен 100 адам бар. Вакцинациядан бұрын олардың бәрі дәрігерлердің міндетті медициналық тексеруінен өтті. Ал СОО-да бригадалар кезекшілік етеді. Вакцинацияға рұқсат берілгендер егіледі», — деді Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова.

Сондай-ақ, ол СОО-да қала тұрғындарын жаппай вакцинациялау қашан басталатынын қозғап өтті:

«Бүгін қалалық санитарлық дәрігердің қаулысы бойынша СОО келушілер үшін жабық. Сол себепті дүйсенбіде СОО-да орналасқан егу орталығы тұрғындарымызды да, орталыққа келушілерді де вакцинациялай бастайды».

Қазіргі уақытта елордада вакциналардың жеткілікті мөлшері бар. Сәуір айының соңына дейін Нұр-Сұлтанға 250 мыңнан астам доза келеді. Жалпы, әр апта сайын денсаулық сақтау басқармасының қоймаларына «Спутник V» жаңа партиясы келіп түседі.

Бүгінгі таңда коронавирус инфекциясына қарсы 26 мыңнан астам адам екпе алды.
Қажет болған жағдайда халықты вакцинациялау пунктері бірқатар СОО мен қонақүй кешендерінде ашылатын болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109