2684

Елордада 10-нан астам мекеме бір тәулік ішінде карантин талаптарын бұзғаны үшін жауапқа тартылды

Карантин режимі бұзылғанын анықтау жөніндегі мобильді топтар күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда. Күн сайын олар шектеу шараларын сақтамаған кәсіпкерлік субъектілерін анықтайды. Өткен тәуліктің өзінде 10-нан астам мекеме жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Қабанбай батыр даңғылында орналасқан «Alanya» караоке-мейрамханасы келушілерді сағат 22.00-ден кейін де қабылдаған. Бұл белгіленген жұмыс режимін бұзу болып саналады. Ал мекеме ішінде шамамен 70-100 адам болғаны анықталды.

Есіл ауданында мұндай бұзушылықтар «Inforno», «Рыба пила» мейрамханаларында, «Славик, не censored», «Tequila», «Chechil Pub» барларында тіркелді.

Байқоңыр ауданында орналасқан «Какие люди» кафесі, «Beer bro» сыра бары, «Шашлыкофф» гриль-бары карантин режимін сақтамағаны анықталды.

Сарыарқа ауданында «Хива» кафесі де жұмыс тәртібін бұзды, ал Бөгенбай батыр даңғылындағы бильярд бары жұмыс істеуіне тыйым салынғанына қарамастан жұмысын тоқтатқан жоқ.

Жиналған материалдың бәрі әкімшілік шаралар қабылдау және тәртіп бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолданды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін карантинді жүйелі түрде бұзғаны және нұсқамаларды сақтамағаны үшін сот елорданың 20-дан астам кәсіпкерлік субъектісінің қызметін тоқтатқан болатын.

Нұр-Сұлтан эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша қызыл аймаққа енгеніне бір айға жуық уақыт болды. Қаладағы эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз болып отыр. Елорда тұрғындары мен қонақтары, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілері карантиндік шаралар мен санитарлық нормалардың бәрін сақтауы керек, бұл қауіпті вирустың таралу қаупін азайтады.

Сондай-ақ, елордада халықты КВИ-ге қарсы вакцинациялау бойынша белсенді науқан жүргізілуде. Бұл ұжымдық иммунитетті дамытуға мүмкіндік беріп, қалыпты өмірге оралуға көмектеседі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109