2239

Кальян ұсынып, түн ортасына дейін жұмыс істеді: елордада карантинді бұзған 5 мекеме әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Карантин талаптарының бұзылғанын анықтау бойынша мобильді топтар күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Тиісті ескертулер беріліп, айыппұл салынғанына қарамастан күн сайын кәсіпкерлік субъектілердің карантин талаптарын сақтамағаны анықталады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Өткен түнде мобильді топтар карантинді бұзған 5 мекемені анықтады.

Есіл ауданында орналасқан Carreta мейрамханасы белгіленбеген уақытта жұмыс істегенімен қоймай, жұртшылыққа кальян ұсынған. Заң бойынша бұған қатаң тыйым салынған.

Алматы ауданында карантин режимін сақтамағаны үшін «Графин» ресто-бары мен «Түркістан» кафесі жауапкершілікке тартылды.

Сарыарқа ауданында орналасқан «Мята» лаундж бары сағат 22.00-ден кейін жұмыс істеді, бұл жұмыс режимін өрескел бұзу болып саналады. Бұл мекеменің келушілеріне де кальян ұсынылған.

Байқоңыр ауданында шектеу шараларын бұзған «Xalva» мейрамханасы анықталды.

Жиналған материалдың бәрі әкімшілік шаралар қабылдау және тәртіп бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолданды.

Нұр-Сұлтан эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша қызыл аймаққа кіргеніне бір ай болды. Қаладағы эпидемиологиялық жағдай әлі де тұрақсыз болып отыр. Елорда тұрғындары мен қонақтары, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілері карантиндік шаралар мен санитарлық нормалардың бәрін сақтауы тиіс. Бұл қауіпті вирустың таралу қаупін азайтуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, елорда тұрғындарын КВИ-ге қарсы вакцинациялау бойынша белсенді науқан жүргізілуде. Бұл ұжымдық иммунитетті дамытуға мүмкіндік береді және өмірдің қалыпты жағдайына оралуға септігін тигізеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109