2227

Нұр-Сұлтанда бірқатар жаңа нөсер кәріздері салынады

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында елордада нөсер кәрізінің проблемасы жайлы қозғап өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Қолданыстағы нөсер кәріздерінің қуаты жеткіліксіз екенін ескере отырып, жаңа нөсер кәріздерін салу, коллекторларды кеңейту бойынша жүйелі жұмыс жүргізудеміз. Кеше қаланы аралау барысында бірқатар нысандарға бардым. Олар бойынша шешім қабылдау қажет болды.

Мысалы, Алматы ауданында (Ш.Қалдаяқов көшесі) сорғы стансалары бар нөсер коллекторының құрылысын жүргізіп жатырмыз. Соңғы жылдар ішінде оның функциясын бірнеше рет істен шыққан тұрмыстық кәріз жүйесі атқарды. Осылайша нөсер жауын өткізу қуатын бірнеше есеге арттырып, жақын орналасқан көшелер мен үйлерді су басудан сақтайды.

Жаңа вокзал ауданы жыл сайын инфрақұрылымға, инженерлік желілерге (су, электр энергиясы, кәріз және т. б.) жүктеме артатын салынып жатқан ауданға жатады. Сол ауданда нөсер кәрізінің құрылысын қайта бастауды тапсырдым. Нөсер кәрізінің қуаты Мыңжылдық аллеясы және вокзал ауданындағы жүктемені азайтуға мүмкіндік беріп қана қоймай, тұрғындар мен объектілер санының көбеюіне байланысты одан әрі жүктемелерді ескере отырып есептеледі.

Сондай-ақ Ұлы Дала даңғылында орналасқан нөсер кәрізінің проблемалық учаскесін аяқтау қажет.

Сонымен қатар жауын-шашын көп болған кезде су астына кететін бірқатар проблемалық учаскелер бар: бұл - Б.Момышұлы даңғылы, "Молодежный" шағын ауданы және т. б. Олар бойынша құрылыс осы жылы аяқталады.

сылайша нөсер кәріздерінің бірқатар проблемалық мәселелері шешіледі. "Молодежный" шағын ауданындағы тазарту құрылысының үстінде абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары жүргізілген алаң болады.

Осы бағыт бойынша жұмыстарды жүйелі түрде жүргіземіз», - деп жазды қала әкімі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109