2779

COVID-19 вакцинасы Рамазан айында ұсталған оразаны бұзбайды

Ертеңнен бастап әлем мұсылмандары үшін Рамазан айы басталады. Көпшілік COVID-19 вакцинациясы ұсталған оразаны бұзып, адам ағзасына теріс әсер етуі мүмкін деп алаңдайды. Елордалық дәрігерлер мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері бұл мәселе бойынша пікір білдірді.

«Қасиетті айда ораза ұстауға ниет білдірген көптеген адам инъекция Рамазан айының ережелеріне қарсы деп алаңдайды. Алайда, ораза кезінде вакцинацияға тыйым салынбайтынын атап өткен жөн. Өйткені ол адамға бұлшықет арқылы енгізіледі», - дейді №4 қалалық емхананың жалпы практика дәрігері Ақмарал Бегаева.

Сондай-ақ, ол вакцинациядан кейін ораза ұстаған кезде әлсіздік болса, не істеу керектігін де түсіндіріп өтті.

«Вакцинациядан кейін дене температурасы көтерілуі немесе әлсіздік сияқты жанама әсерлер болуы мүмкін. Оның бәрі 1-2 күнге созылуы мүмкін. Мұндай жағдайда оразаны бір күнге тоқтатып, вакцинация алдында медициналық тексеру кезінде көрсететін дәрі-дәрмектерді қабылдауға рұқсат етіледі. Бұл жерде қорқынышты ештеңе жоқ. Бұған ораза ережелері тыйым салмайды. Өзіңізді жақсы сезінгеннен бастап оразаңызды жалғастыра беруіңізге болады. Ал Рамазан айы біткен соң жіберіп алған күніңізді толықтыра аласыз», - деді ол.

Дәрігер өз сөзінде вакцинация аурудың алдын алатынын және тек профилактикалық шара болып саналатынын айтып өтті. Сондай-ақ Ислам дінінде адам өз денсаулығына ұқыпты қарауы керектігі айрықша аталып өткенін, оның өте маңызды екенін қостады.

Дәрігердің пікірін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы да растап, Исламда адам өмірі мен денсаулығынан жоғары құндылық жоқ екенін атап өтті.

«Вакцинация – адам денсаулығын коронавирус індетінен қорғаудың ең қауіпсіз және тиімді әдісі, бұл инфекция қазір жаһандық қауіп болып саналады. Шариғат ережелеріне сәйкес, қажет болған жағдайда вакцинациялауға рұқсат етіледі», - дейді мамандар.

Сондай-ақ, ҚМДБ вакцинация оразаны бұзбайтынын да атап өтті.

«Жұртшылық дәрі ретінде адам ағзасына енетін барлық нәрсе оразаны бұзады деп санайды. Бірақ бұл адамның мұрны немесе ауыз қуысы арқылы өтетін дәрілік заттарға ғана қатысты. Адамға бұлшықет арқылы енгізілген зат оразаны бұзбайды. Себебі препарат асқазанға түспейді», - дейді ҚМДБ мамандары.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109