1908

Пара жүзуден Ұлыбританиядағы Әлем Кубогінің сериясында елордалық спортшы күміс жүлдегер атанды

Пара жүзуден Әлем Кубогының сериясы Ұлыбританияның Шеффилд қаласында өтті. Жарысқа әлемнің 21 елінен 92 спортшы қатысты. Елордалық спортшы Сиязбек Далиев 50 метр қашықтықты баттерфляймен екінші болып жүзіп өтіп, әлем кубогының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Ол баттерфляй стилінде жарыс жолын 37,65 секундта жүзіп, Токиодағы жазғы Паралимпиада ойындарына іріктеу нормаларынан 3 секундқа жоғары көрсеткіш көрсетті.

Сондай-ақ, 2018 жылғы Азия Пара ойындарының чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Сиязбек Далиев қазір өз сыныбында осы қашықтықта әлемдік рейтингтегі ең мықты жүзушілердің бестігіне кіреді.

Қазақстандық пара жүзуші баттерфляй стилінде Пара Азия ойындарда жарыс рекордын орнатып, 50 метр қашықтықты 37,40 секундта жүзіп өткен болатын. 2019 жылы Лондонда өткен пара жүзуден әлем чемпионатында дәл осы қашықтықта үздік бестікке кірді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109