2439

Нұр-Сұлтанда көктемгі тазалық жұмысына 1900 коммуналдық қызметкер мен 650 бірлік арнайы техника жұмылдырылды

Нұр-Сұлтанда көктемгі тазалық жұмысы дәстүрлі түрде жалғасуда. Ауқымды жұмыстарға 1900 коммуналдық қызметкер мен 650 арнайы техника жұмылдырылды. Қаланы санитарлық тазалау және абаттандыру күн сайын, сол сияқты түнгі ауысымда да жүргізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
 
Қаланың коммуналдық қызметтері күн сайын жолдарды, тротуарларды, көпірлерді, қоршауларды, жол белгілерін, билбордтарды және т.б. жуады.
 
«Елорда әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша қалада санитарлық тазалау жұмыстары күшейтілді, сондай-ақ, мобильді топтар құрылыс учаскелерінде де аралау жұмыстарын жүргізуде. Себебі құрылыс нысандарында абаттандыру ережелерін бұзу фактілері бар. Бұл аумақта арнайы техника дөңгелектерін жуу пунктерінің ашылмағаны, алаңішілік өтпе жолдардың қатты төсемесі қойылмағаны секілді бұзушылықтар бар. Құрылыс жұмыстары ескертулер жойылғанға дейін тоқтатылды», — деді елорда әкімінің орынбасары Нұрлан Солтамбеков.
 
Сонымен қатар, ол қалада жол шұңқырларын жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын, жақын арада көшелерді орташа және күрделі жөндеу басталатынын атап өтті. Қаланың ескі бөлігіне, жүріп өту мүмкіндігі жоғары тұрғын үй массивтеріне және т.б. тұстарға назар аударылатын болады.
 
Бұған дейін елорда әкімі Алтай Көлгінов сапасыз жол жұмыстары қабылданбайтынын, өз жұмысын сапасыз орындайтын мердігерлердің ісі сотқа беріліп, «қара тізімге» енгізілетінін атап өтті.
 
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Нұр-Сұлтанда 170-тен астам көше жөнделді, оның 100-і — тұрғын үй алаптарында.

Коммунальные службы города на ежедневной основе промывают дороги, тротуары, мосты, ограждения, дорожные знаки, рекламные щиты и т.д. Также уделяется внимание спиливанию сухих веток.
 
 «По поручению акима столицы Алтая Кульгинова в городе усилили работы по санитарной очистке, также мобильными группами проводим объезды по строительным участкам. Так как на стройобъектах есть факты нарушения правил благоустройства. Это когда на территории нет пунктов мойки колес спецтехники, твердого покрытия внутриплощадочных проездов и т.д. Кроме того, где имеются нарушения, строительные работы  до устранения замечаний приостановили», - сказал заместитель акима столицы Нурлан Солтамбеков.
 
Кроме того, он отметил, что в городе также ведутся работы по ямочному ремонту дорог, в скором времени начнется средний и капитальный ремонт улиц. Акцент будет сделан на старую часть города, жилые массивы, где имеется высокая проходимость и т.д.
 
Ранее аким столицы Алтай Кульгинов подчеркнул, что некачественные дорожные работы приниматься не будут, на недобросовестных подрядчиков будут подавать в суд и вносить их в «черный список».
 
Напомним, в прошлом году в Нур-Султане отремонтировали более 170 улиц, 100 из них – в жилых массивах.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109