2243

Елорда тұрғындарын вакцинациялау күні 4,5 мыңнан астам адам екпе қабылдады

Елордада жаппай вакцинациялаудың бірінші күні 4 500-ден астам адам коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина алды. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының (ҚДС) мәліметі бойынша бұл көрсеткіш МСАК ұйымдарында және «Mega Silk Way» СОО-да ұйымдастырылған егу пункттеріндегі вакцинациядан кейін орын алып отыр.

Ведомстводаның хабарлауынша вакцинацияны 20 және 90 жас аралығындағы қала тұрғындары қабылдады. ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен вакцина алу үшін жоғарғы жас шегі алынып тасталды.

«Инфекцияға шалдығуы мүмкін адамдардың тізімінде жасымызға байланысты алғашқылардың бірі болып тұрамыз. Өткен жылы жағдай өте қорқынышты болды. Мен әлі де өмір сүріп, немерелерімнің қызығын көргім келеді. Сол себепті екпе қабылдау немесе қабылдамау туралы тіпті ойланып та жатпадым. Бізге де вакцина алуға болатынын білгенде қуанып, бірден емханаға келдім. Денсаулығым жақсы күйде өмір сүргім келеді», — деді 72 жастағы қала тұрғыны Қайыргелді Жұманов.

Медицина қызметкерлері азаматтарды вакцинациялаудың оң үрдісін атап өтті.

«Біз екпе алғысы келетіндер көп екенін байқап отырмыз. Бұл бізді қуантады. Шыны керек, бастапқыда бұл іс қалай өтетіні туралы екіұдай ойда болдық. Жұрт КВИ вакцинасына наразы болады деп ойлаған едік, бірақ бәрі керісінше болып шықты. Көпшілік жаңалықтарды оқып, тек оң пікірлер байқағанын, ал айтарлықтай күшті жанама әсерлерді байқамағанын айтып жатыр. Көптеген адам вакцинаның денсаулыққа зияны жоқ екенін, тек пайдасы мен індеттің алдын алу екенін түсінді», — дейді №2 қалалық емхананың аға медбикесі.

Еске салайық, 12 сәуірде елордада коронавирус инфекциясына қарсы екпе алғысы келетіндерді жаппай вакцинациялау басталды. 640 мыңнан астам азаматты немесе тұрғындардың 60%-ын жас шектеулері мен медициналық көрсеткіштеріне сәйкес қамту жоспарланып отыр. Вакцинация қаланың АМСК ұйымдарында (ұйымдардың тізімі елорданың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының сайтында көрсетілген) және «Mega Silk Way» СОО-да жүргізіледі.

Елорда әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша егу пункттерінің саны 36-дан 100-ге дейін ұлғайтылды. Жұмыс кестесі сағат 08:00-ден 00:00-ге дейін ұзартылды.
Бүгінгі таңда елордада коронавирустық инфекцияға қарсы 34 мыңға жуық адам екпе алды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109