2159

Соңғы 3 жылда Нұр-Сұлтанда әлеуметтік пәтер саны 9 еседен астам өседі

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында әлеуметтік пәтерлер саны артқанын, сол сияқты Алматы ауданында бірқатар мектептің құрылысы жүргізіліп жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Елорда аудандарын "Нұр-Сұлтан - жайлы қала" мастер-жоспары аясында дамытып жатырмыз. Аудандар полиорталық қағидатына сай дамуда, яғни қажетті әлеуметтік нысандар жаяу қашықтықта орналасқан.

Бүгінгі таңертеңгілік аралау барысында бірқатар жеңілдікпен берілетін қолжетімді тұрғын үй құрылысының барысымен таныстым. Әлеуметтік тұрғын үй Алматы ауданында орналасқан. Тұрғын үй кешенінің бірінші қабаттарында оңалту орталықтары, балабақшалар, балаларға арналған үйірмелер және т. б. әлеуметтік нысандар ашылады.

Алматы ауданында бірқатар мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Бұл бір мезгілде жаңа ТК тұрғындарының оқушы орындарына деген қажеттілігін жабуға мүмкіндік береді.

Үйлердің сапасына, абаттандыруға ерекше назар аударуды, құрылыс қарқынын төмендетпеуді тапсырдым. Сапасыз жұмыс қабылданбайды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жеңілдікпен берілетін қолжетімді тұрғын үй көлемін ұлғайту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіп жатырмыз. Биыл көрсеткішті 10 мың әлеуметтік пәтерге дейін көтеруді жоспарлап отырмыз. Көрсеткіш 2018 жылмен салыстырғанда 9 есеге артады.

2019 жылы 2900 әлеуметтік пәтер салынып, пайдалануға берілсе, өткен жылы 7 мыңнан астам пәтер салынды», — деп жазды қала әкімі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109