2588

Елорда тұрғындары мен қонақтары коронавирусқа қарсы белсенді вакцина қабылдауда

Елорда әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратовпен бірге екі қалалық емханада болып, халықты жаппай вакцинациялау жұмысымен танысты, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

«Мемлекет басшысы атап өткендей, коронавируспен күрестегі жалғыз сенімді шешім – вакцинация. Мұны локдаундардан шығу стратегиясын алдын ала ойластырған елдердің мысалы дәлелдеді. Қазір олардың экономикалары мен азаматтардың күнделікті өмірі пандемиялық қиындықты сезінбейді. Аралау барысында жаппай вакцинациялау процесімен танысып, вакцинацияланған азаматтармен жеке әңгімелестім. Мен баршаңызды өз денсаулығыңызға бей-жай қарамауға және үлкендер мен жақындарыңызға қамқорлық көрсетуге шақырамын», - деп жазды Бақтияр Мәкен өзінің Instagram парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, елорда тұрғындарын жаппай вакцинациялау 12 сәуірде басталды. Оның алғашқы күнінде 5 мыңға жуық адам коронавирусқа қарсы екпе алды. 640 мыңнан астам азаматты немесе халықтың 60%-ын жас шектеулері мен медициналық көрсеткіштеріне сәйкес қамту жоспарланып отыр. Вакцинация қаланың АМСК ұйымдарында (ұйымдардың тізімі қаланың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының сайтында көрсетілген) және «Mega Silk Way» СОО-да жүргізіледі.

«Біз екпе алғысы келетіндер көп екенін байқап отырмыз. Бұл бізді қуантады. Шыны керек, бастапқыда бұл іс қалай өтетіні туралы екіұдай ойда болдық. Жұрт КВИ вакцинасына наразы болады деп ойлаған едік, бірақ бәрі керісінше болып шықты. Көпшілік жаңалықтарды оқып, тек оң пікірлер байқағанын, ал айтарлықтай күшті жанама әсерлері болмағанын айтып жатыр. Көптеген адам вакцинаның денсаулыққа зияны жоқ екенін, тек пайдасы мен індеттің алдын алу екенін түсінді», — дейді №2 қалалық емхананың аға медбикесі.

Айта кету керек, АМСК пен СОО-да екпені тек елорда тұрғындары ғана емес өзге өңірлердің тұрғындары да ала алады. Басқа қаланың тұрғыны елордада екпе алып, 21 күннен кейін өз қаласында/облысында да вакцина қабылдай алады.

Елімізде 13 сәуірден бастап Рамазан айы басталады. Көпшілік COVID-19 вакцинациясы ұсталған оразаны бұзып, адам ағзасына теріс әсер етуі мүмкін деп алаңдайды. Елордалық дәрігерлер мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері бұл мәселе бойынша пікір білдірді.

«Қасиетті айда ораза ұстауға ниет білдірген көптеген адам инъекция Рамазан айының ережелеріне қарсы деп алаңдайды. Алайда, ораза кезінде вакцинацияға тыйым салынбайтынын атап өткен жөн. Өйткені ол адамға бұлшықет арқылы енгізіледі», - дейді №4 қалалық емхананың жалпы практика дәрігері Ақмарал Бегаева.

Естеріңізге сала кетейік, елорда әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша егу пункттерінің саны 36-дан 100-ге дейін ұлғайтылды. Жұмыс кестесі сағат 8:00-ден 00:00-ге дейін ұзартылды. Вакцинаны алдын ала жазылу арқылы egov мобильдік қосымшасы және емхананың call-орталықтарына қоңырау шалу арқылы алуға болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109