2964

Nur Otan партиясы елордалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды

Дәулет Кәрібектің басқа жұмысқа ауысуына байланысты Нұр-Сұлтан қаласындағы Nur Otan партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды. Ол — 39 жастағы Сақтаған Сәдуақасов.

Білімі:

2004 ж. — Л.Н. Гумилев Еуразия ұлттық университеті;

2009 ж. - ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы.

Сақтаған Сәдуақасов еңбек жолын 2004 жылы Астана қаласы Ішкі саясат департаментінің талдау және мониторинг бөлімінің маманы лауазымынан бастады, онда 2009 жылға дейін жұмыс істеді.

2009 жылдан бастап ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің құрылымында жұмыс істеді. Сондай-ақ әр жылдары Nur Otan партиясының орталық және қалалық филиалында түрлі лауазымдарда, оның ішінде Nur Otan партиясы Орталық аппаратының Қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді.

Сақтаған Сәдуақасов меритократия қағидатына сәйкес маманнан бастап басшылық лауазымдарға дейінгі жолдан өтті. Nur Otan партиясы елордалық филиалының төрағасы, елорда әкімі Алтай Көлгінов Сақтаған Садуақасовтың алдына партияның 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын табысты іске асыру бойынша бірқатар міндет қойды.

Бағдарламаға 13 негізгі басым бағыт кірді: жеңілдікті қолжетімді тұрғын үй, оқу орындары, медициналық орталықтар салу, газдандыруды жүргізу, тұрғын үй алаптарын, жол-инженерлік инфрақұрылымын дамыту, ШОБ-ты қолдау және т.б.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109