2164

Елордалық студент робототехникадан тегін онлайн курсын іске қосты

Назарбаев Университетінің студенті Даниил Филимонов робототехника бойынша «Beyond Robotics» тегін онлайн курсын іске қосты. Курсқа робототехника бойынша үздік қазақстандық тренерлер мен америкалық ЖОО профессорларының вебинарлары мен онлайн сабақтары енді.⠀
Оқыту «Beyond Curriculum» қоғамдық қорының онлайн-мектебі базасында өтіп жатыр. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

«Кішкентай кезімнен бастап құрастыру идеясына қатты қызықтым. Сондықтан Назарбаев Зияткерлік мектебінің қабырғасында робототехника үйірмесіне жазылдым. Біздің жобаларымыз халықаралық аренада, Дүниежүзілік WRO роботтар олимпиадасында ұсынылады деп тіпті елестете алмадым. Жеңістер аз болған жоқ, енді мен робототехниканы оқығысы келетіндердің барлығына көмектесу үшін жаңа мақсат қойып отырмын», – дейді Даниил.⠀

Даниил Филимонов – World Robot Olympiad 2019 халықаралық кезеңінде «Open Senior» санатында үшінші орын, сондай-ақ робототехникадан республикалық олимпиаданың алтын медальдарының (2018, 2019), ғарыштық зерттеулер бойынша халықаралық жарыстың бірінші дәрежелі дипломының (2019), «Ғарыш. Ғылым. Интеллект» Наурыз кездесулерінің екінші дәрежелі дипломының (2019) иегері. ⠀
Даниил өз тобымен бірге робототехника бойынша 10-нан астам тегін онлайн курсын, 25 сағаттық сабақ, 6 вебинар әзірледі, сондай-ақ, Корнелл және Мичиган университеттерінің жүздеген қосымша материалын дайындады.

Оқыту кез-келген дайындық деңгейі бар қатысушыларға арналған: робототехника негіздерінен бастап нейрондық желілерге дейін, практикада құралдармен жұмыс істеу үшін, тіпті оқытушыларға арналған материалдарды да қамтиды. Сондай-ақ, платформада прогресті бақылауға арналған үй тапсырмалары мен тесттер бар. Материалдар қазақ және орыс тілдерінде де қолжетімді.

Курс негізін қалаушы — Антон Моргунов «Beyond Curriculum» қоғамдық қорының қолдауымен құрылды. Антон – химия пәнінен халықаралық және республикалық олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпазы және жүлдегері, бүгінде MIT (Массачусетс технологиялық институты) Химия және биология факультетінің студенті.

Beyond Curriculum – математика, физика, химия, биология, география пәндерінен тегін білім алуға мүмкіндік беретін білім беру платформасы.

«Біздің команда «Beyond Robotics» тегін жобасының көмегімен робототехникаға қосылғысы келетіндердің бәріне мүмкіндік беруді көздейді. Қазіргі уақытта 100-ден астам оқушы білім алуда, сен де қосыл. Роботтар әлеміне қош келдіңіздер!, – деп «Beyond Curriculum» қоғамдық қоры «Робототехника» бөлімінің басшысы Даниил Филимонов қосылуға шақырды.

«Beyond Robotics» бойынша оқуды бастау үшін онлайн-мектепте тіркелу жеткілікті https://school.bc-pf.org/ және сілтемеге өтіп, каталогтан Робототехника https://robotics.bc-pf.org/  курсын қосу қажет.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109