2233

Елорданың кейбір мекемелерінде кальян әлі де ұсынылады

Нұр-Сұлтанның мобильді топтары кәсіпкерлік субъектілерінде карантин режимін бұзуын анықтау және жолын кесу бойынша күшейтілген жұмыс жүргізуде. Коронавирус инфекциясының таралу қаупіне қарамастан кейбір мекемелер тиісті талаптарды жүйелі түрде бұзып келеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Мәселен, өткен түнде мобильді топтар «Kalyandeli» мекемесінде кальян шегу фактісін тіркеді. Есіл ауданында орналасқан кальянның иелерінен түсіндірме алынды. Әкімшілік шаралар қабылдау үшін олар Есіл ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына шақырылды.

Айта кетейік, бір күн бұрын мобильді топтар келушілерге кальян шегу бойынша қызмет көрсететін бірнеше тамақтану орнын анықтаған болатын.

Карантин режимін сақтамаған Сарыарқа ауданында орналасқан «Jj Кинорумы» да жауапқа тартылды.

Нұр-Сұлтан эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша қызыл аймаққа енгеніне бір айдан аса уақыт болды. Қаладағы эпидемиологиялық жағдай әлі де тұрақсыз болып отыр. Елорда тұрғындары мен қонақтары, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілері карантиндік шаралар мен санитарлық нормаларды толықтай сақтауы тиіс, бұл қауіпті вирустың таралу қаупін азайтуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, елорда тұрғындарын КВИ-ге қарсы жаппай вакцинациялау жүргізілуде. Бұл ұжымдық иммунитетті арттырып, өмірдің қалыпты жағдайына оралуына көмектеседі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109