2309

iKOMEK109 орталығы жыл басынан бері 700 мыңға жуық өтініш қабылдады

Бірыңғай байланыс орталығы 2021 жылдың басынан бері 700 мыңға жуық өтініш қабылдады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қала тұрғындары денсаулық сақтау (емханаға тіркелу, екпе алу және т.б.), қоғамдық көлік (автобустар кестесі, көлік карталары және т.б.) және коронавирус мәселелері (симптомдары, жұқтыру кезіндегі іс-қимыл тәртібі және т.б.) жөнінде жиі жүгінеді.

iKOMEK109 құрылған сәттен бастап 5 миллионнан астам өтінішті өңдеді, оның ішінде 4,3 миллионы «бірінші қоңыраудан» шешілді.

iKOMEK109 бірыңғай байланыс орталығы бүгінде шұғыл емес сипаттағы қала тіршілігінің 2 500-ден астам проблемасын қамтиды. Жыл сайын 600 мыңнан астам тұрғын Бірыңғай байланыс орталығына жүгінеді.

Әрбір өтініш автоматты түрде тіркеліп, жауапты ұйымдардың атқаруына беріледі. iKOMEK қалалық орталығының мамандары өтініш толық атқарылғанша оның барысын бақылап отырады.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Бірыңғай байланыс орталығына (iKomek 109) төменде көрсетілген ыңғайлы тәсілдер арқылы хабарласуға болады:

1) әкімдіктің ресми сайты www.astana.gov.kz;

2) Telegram чат-боты: https:// t.me/nursultanikomek109_bot

3) 109@ikomekastana.kz-ке электрондық өтініш жіберу;

4) iKOMEK109 мобильді қосымшасы (AppStore/PlayMarket);

5)  Smart Astana мобильді қосымшасы (AppStore/PlayMarket);

6) 1-0-9-ға қоңырау шалу (қалалық және мобильді телефоннан қоңырау шалу тегін).

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109