2603

Нұр-Сұлтанда бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөнінде «Парыз» конкурсы басталды

«Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» ММ бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөнінде республикалық «Парыз-2021» конкурсы басталғанын мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Конкурс жыл сайын өңірлік және республикалық деңгейде, яғни екі кезең бойынша өткізіледі.

Конкурс Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жүргізіледі және оған жеке кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады.

Конкурс лауреаттарының атақтары екі санат бойынша:

1. шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі;
2. ірі кәсіпкерлік субъектісі;

Және мынадай номинациялар бойынша беріледі:

1. «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын». Бұл номинацияда өз персоналын қолдауға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды іске асыратын үміткерлердің қызметі қаралады (еңбекақыны және әлеуметтік төлемдерді ұйымдастыру, еңбекті қорғауды ұйымдастыру, кадрларды кәсіби даярлау және қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру және т.б.).

2. «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын». Бұл номинацияда үміткерлердің еңбек жағдайларын құруда жұмыскерлердің денсаулығын сақтау әрекеті қаралады.

3.«Үздік ұжымдық шарт». Бұл номинацияда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады.

4.«Экологияға қосқан үлесі үшін». Бұл номинацияда қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі қаралады.

Конкурстың өңірлік және республикалық кезеңдеріне қатысу тегін. Ал өтінімдерді қабылдау 2021 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.

Конкурс жөнінде толық ақпаратты 70-33-00, 70-32-77, 70-32-22, 70-32-78, 55-68-84, 55-68-88, 55-67-27 (Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы), 55-68-11, 55-68-05 (Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы) және   22-65-95, 22-78-06 (Нұр-Сұлтан қаласының Экология департаменті) телефондары арқылы алуға болады.

Сонымен қатар, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз-2021» конкурсын өткізу ережесі Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің веб-сайтында жарияланған (www.enbek.gov.kz).

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109