3303

Елордалық СОО «Зорлық-зомбылықсыз үй» акциясын өткізді

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында және отбасылық-тұрмыстық қатынастардағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, сондай-ақ әйелдер мен балалардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерін бұзудың жолын кесу бойынша елордалық Полиция департаментінің қызметкерлері «Қауіпсіз квартал» жедел алдын алу іс-шарасы аясында «Зорлық-зомбылықсыз үй» акциясын өткізді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Іс-шара аясында әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің қызметкерлері «Mega Silk Way» СОО-да қала тұрғындары мен қонақтары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, олар неке мен отбасын сақтау, сондай-ақ ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынастарды түзету және кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі ата-ана міндеттерін тиісінше орындау мәселелерінде құқықтық, психологиялық көмек көрсетті.

Азаматтарға әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық және кемсітушілік мәселелері бойынша және тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының іс-қимыл алгоритмін түсіндіру бойынша брошюралар мен буклеттер таратылды.

«Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті «Зорлық-зомбылықсыз үй» атты акциясын өткізіп жатыр. Бұл акцияның мақсаты отбасылық құндылықтарды насихаттау және адам құқықтарын құрметтеу болып саналады. Отбасы — қоғамның ұяшығы. Ал бақытты отбасы — бақытты ел. Құрметті әйелдер қауымы, егер сіз тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған болсаңыз, бұл туралы дереу «102» арнасына немесе Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімшесінің сенім телефонына 71 60 63 хабарлауыңызды сұраймыз. Сізге тиісті көмек көрсетіледі», — деп атап өтті Полиция департаментінің Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы полиция майоры Гүлмира Шырахметова.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109