2092

Елордада тағы төрт мекеме карантин талаптарын бұзғаны үшін жауапқа тартылды

Нұр-Сұлтанның мобильді топтары кәсіпкерлік субъектілерінің карантин режимін бұзғанын анықтау және жолын кесу бойынша күшейтілген жұмыс жүргізуде. Өткен түнде шектеу шараларын сақтамаған тағы 4 мекеме жауапқа тартылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Коронавирустық инфекцияның алдын алу, таралу және жұқтыру қаупіне қарамастан, кейбір мекемелер карантиндік шектеулерді жүйелі түрде бұзып келеді.

14 сәуірде түнгі уақытта Есіл ауданында орналасқан «Coffee Vista» кофеханасы белгіленген жұмыс режимін сақтамай келушілерді қабылдады.

Осыған ұқсас жағдай Сарыарқа ауданындағы «Karima» кафесі мен «Панаехали» атмосфералық барында да көрініс тапты.

Байқоңыр ауданында жұмыс істеуіне тыйым салынғанына қарамастан Respawn ойын клубы келушілерді қабылдады.

Жиналған материалдың бәрі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына шара қолдану және құқық бұзушыларды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін тапсырылды.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтан эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша қызыл аймаққа енгеніне бір айдан асты. Қаладағы эпидемиологиялық жағдай әлі де тұрақсыз болып отыр. Елорда тұрғындары мен қонақтары сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілері карантиндік шаралар мен санитарлық нормаларды толықтай сақтауы тиіс, бұл қауіпті вирустың таралу қаупін азайтады.

Сондай-ақ, елордада халықты КВИ-ге қарсы вакцинациялау бойынша жаппай науқан жүргізілуде. Бұл ұжымдық иммунитетті дамытуға мүмкіндік береді және өмірдің қалыпты жағдайына оралуға көмектеседі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109