2374

Нұр-Сұлтанда еңбек ұжымдарын COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинациялау жүріп жатыр

Елордадағы көшпелі бригадалар қаланың түрлі кәсіпорындары мен ірі ұйымдарының қызметкерлерін коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялауды жүргізіп жатыр. КВИ вакцинасын алуға әртүрлі кәсіпорындардың еңбек ұжымдары ниет білдірді. Олардың арасында "Астана-АЭК" АҚ, Еуразия Ұлттық Университеті, "Астана Балет" театры, "Нұр-Әлем" павильонының қызметкерлері, құрылыс компаниялары, СОО, мемлекеттік органдар және т.б. бар, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Қазір өз қызметкерлерін коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялағысы келетін ұжымдар жиі жүгіне бастады. Ниет білдірушілердің тізіміне сәйкес сол жерде вакцинация жүргізу үшін МСАК ұйымдарының көшпелі бригадаларын жібереміз. Меншік иелерінің аумағында барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып егу пункттері ұйымдастырылған», — дейді қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова.

Оның айтуынша, әртүрлі кәсіпорындарда COVID-19 вакцинасын алғысы келетіндердің саны 1000 адамға жетеді.
"Астана-АЭК" АҚ қызметкерлері вакцинация COVID-19-ға қарсы тұрудың басты тәсілі екенін атап өтті.

«Ұжымды вакцинациямен қамту үшін кәсіпорында егу пункті ұйымдастырылды. Оны өткізу үшін бізге №5 қалалық емхананың медперсоналы келді. Пайдалану сенімділігі және қауіпсіздік техникасы қызметі жеке кабинет ұйымдастырып, тұрғындардың бір орынға жиылып қалуына жол бермеу үшін қатаң қабылдау кестесін әзірледі», — деп атап өтті "Астана-АЭК" АҚ.

«Елорда әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша халықты вакцинациямен кеңінен қамту үшін егу пункттерінің жұмыс кестесі таңғы сағат 8-ден түнгі 12-ге дейін, "Mega Silk Way" СОО-да таңғы сағат 10-нан 22-ге дейін ұзартылды.

Оның айтуынша, 1-ден 3-ке дейін көшпелі бригадалардың саны да қалыптасуда.

Жалпы, қалада КВИ-ға қарсы вакцинаны 40 мыңнан астам адам қабылдады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109