2546

Елордада «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» күніне орай жас жұбайлардың некесін қию салтанаты өтті

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» күніне орай жас жұбайлардың некесін қию салтанаты өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Елімізде 15 сәуірде ғашықтар күні атап өтіледі. Мереке қазақ эпосы «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» поэмасының кейіпкерлеріне арналған. Бұл күн алғаш рет 2011 жылы тойланды. Осыған орай «Есіл» ауданының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің қызметкерлері елордалық жас жұбайларға неке қию туралы куәлік табыстады.

«Дәл бүгін бүкіл ел алдында отбасымыздың алғашқы куәлігін алатынымызға қуанып тұрмыз. Бұл күнді асыға күттік. Биыл карантиндік шектеулерге байланысты тойымызды өткізе алмадық. Дәл осы астанада таныстық, енді астанада үй болып жатырмыз. Біз үшін астана ғашықтар қаласы», — деді Думан Шора.

Салтанатты шара ЕХРО-2017 алаңында «Нұр Әлем» сферасында санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтай отырып өткізілді. Жастардың қуанышты сәтіне куә болуға келген Есіл ауданының әкімі Берік Жәкенов пен Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Ләззат Рамазанова құттықтау сөз сөйлеп, жас жұбайларға неке куәліктерін табыстады.

«Осындай шуақты күні, елордамыздың төрінде 9 отбасының жаңа өмірге қадам басуына куә болып отырмыз. Осы күнді бекерден-бекер таңдап алмадық. Бүгін халқымыздың аңызға айналған махаббат символы Қозы Көрпеш- Баян Сұлу күні. Адамзат үшін махаббат ежелден бері ерекше сезім. Бүгін отбасын құрған жастардың махаббаты баянды, құрған шаңырақтары берік болсын» деді Берік Жәкенов.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109