2505

Елорданың паралимпиадалық жаттығу орталығы айына 3,5 мыңға жуық адам қабылдайды

Нұр-Сұлтанда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған мамандандырылған паралимпиадалық жаттығу орталығы жұмыс істейді. Қазіргі уақытта ол жерде спорттың 17 түрі бойынша жаттығулар өткізіледі, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Халықаралық деңгейдегі мамандандырылған паралимпиадалық жаттығу орталығы 2018 жылы ашылды. Бүгінгі таңда бізде спорттың 17 түрі дамыған. Олардың бәрі ерекше физикалық қажеттіліктері бар адамдар үшін ақысыз жүргізіледі. Біздің орталыққа күн сайын 150-ге жуық адам келеді. Мұнда 3 негізгі зал бар – жаттығу, ойын және жекпе-жек залы. Сондай-ақ, келушілерге сауна және массаж қызметтері қарастырылған. Орталық ұсынатын барлық қызмет ерекше физикалық қажеттіліктері бар адамдар үшін тегін көрсетіледі», — деді "Каспий" спортты дамыту қорының атқарушы директоры Абдусаид Назаров.

Орталықта үстел теннисі, пара дзюдо, пара каратэ, пара таэквондо, йога, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, бочча, голбол, пара бадминтон, отырып ойнау волейболы, дартс, пара пауэрлифтинг, пара черлидинг, пара грэпплинг және пара армрестлинг сияқты спорт түрлері бойынша жаттығулар өткізіледі.

Ғимараттың жалпы ауданы 4 682,70 ш.м. Қазіргі уақытта орталық айына 3 400-ден астам адамды қабылдайды.

«Мен орталыққа 2018 жылы ашылғаннан бері келіп жүрмін. Бұл біз үшін, яғни мүмкіндігі шектеулі жандар үшін өте ыңғайлы. Мұнда барлығы қарастырылған, киім шешетін бөлмелер кең, сол сияқты жуынатын бөлмелері де қарастырылған. Осындай орталық ашқанына алғысым шексіз», — деп атап өтті орталыққа келуші Асқарбек Бөлегенов.

Паралимпиадалық жаттығу орталығының жұмысы туралы қосымша ақпаратты 790-444 телефон нөмірі арқылы алуға болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109