2043

Елордалық оқушы «EGMO-2021» одимпиадасында екінші орын алды

«EGMO-2021» қыздарға арналған халықаралық математикалық олимпиадада Нұр-Сұлтан қаласы №9 «Зерде» мамандандырылған мектебінің 11-сынып оқушысы Ділнәз Уәлиева өз білімін дәлелдеп, жүлделі екінші орынға ие болды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қазақстан құрамасы соңғы бес жылда дәл осы олимпиадада үздік нәтиже көрсетіп келеді. Биыл да бұл білім додасы еліміз үшін жемісті болды. Бұл олимпиада мектеп оқушыларына арналған болса да тапсырмалар деңгейі өте жоғары.

Жыл сайын математикада өз қабілетін көрсеткісі келетін қатысушылар саны артып келеді. Осы мерейтойлық жылда (10 жыл) әлемнің 55 елінің атынан қатысқан қыздар осындай беделді математикалық олимпиадаға қатысуға ниет білдірген.

Айта кетейік, Ділнәз Уәлиева осыған дейін қыздарға арналған Еуропалық математикалық Олимпиаданың (EGMO) іріктеу кезінде жоғары нәтиже көрсетіп, қатысушылар арасында жеке рейтингте бірінші болды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109